20 мың доллар үшін басы дауға қалған шенеунік қызметінен тағы айрылды

    Ақтөбеде қыздарын оқуға түсіру үшін алаяқ әйелге 20 мың доллар бергені үшін басы бәлеге қалған Алмат Ермағанбетовке қатысты тағы шу шықты. Жаңа лауазымға тағайындалған бұрынғы шенеунік тағы да қызметінен кетті.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары қыздарын оқуға түсіру үшін ақша бергені үшін жұмысынан айрылған еді. Экс- шенеунікті алдап соққан Ботагөз Биекенова мүлкі тәркіленіп, 3 жыл 3 ай мерзімге абақтыға қамалған. Осыдан соң Алмат Ермағанбетов сотқа бұрынғы қызметіне қайта орналасу үшін шағым түсірген. Алайда оның бұл талабы қанағаттандырылмады. Даулы оқиғадан бірер ай өткен соң жаңа қызметке тағайындалған ол өз еркімен жұмысынан кетті.
    -Алмат Ермағамбетов 24 тамыздан бастап “Ақтөбе медицина орталығы” МКК кеңес беру-диагностика бөлімі директорының орынбасары міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. Оның міндетіне менеджмент сұрақтарын әзірлеу мен инвестициялық жағдайды жақсарту жұмыстары кіруі қажет болатын. Берілген арызға сәйкес Ермағамбетов А.А. атқарып отырған қызметінен босатылды,-деп хабарлады “Ақтөбе ақпарат” ақпараттық орталығы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шенеунікті алдаған келіншек сотталып кетті
  • Ақтөбелік экс-шенеуніктің “Ағайынды төртеуге” қатыстылығы тексерілді
  • Алаяққа алданып қалған ақтөбелік шенеунікке қатысты жаңа деректер пайда болды
  • Бердібек Сапарбаев пара берген шенеунікті жауапкершілікке тартуға шақырды
  • Бұрынғы полицей екі бірдей әкімді “жұмысынан шығарып жіберді”
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге