Ақтөбелік бақташылар қожалықтарды тонаған

    Ақтөбелік полицейлер шаруа қожалық иелерінің малдарын қолды еткен бақташыларды құрықтады. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

    Биыл шілде айының 27-і күні 30 жастағы қала тұрғыны өзі бақташы болып жұмыс жасайтын Алға ауданына қарасты шаруа қожалығынан 31 бас ұсақ бас малын қолды еткен. Ол туралы полицияға 68 жастағы шаруа қожалығының иесі шағым түсірген. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңге. Қойлар иесіне қайтарылған жоқ.Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену бойынша тергеу амалдары жүруде.
    Сондай-ақ 26 шілдеде Алға ауданына қарасты шаруа қожалықтарының бірінің басшысы 56 жастағы тұрғын шағымданған. Оның қожалығынан бақташысының 5 бас ірі қараны қолды еткені анықталды. Келтірілген шығын көлемі 750 мың тенгені құрайды. Ал, үшінші дерек 30 шілдеде Қарғалы ауданына қарасты ірі шаруашылықта тіркелді. Қожалыққа қарасты жайлаудан мал бағушы ауыл тұрғыны иесінің сеніп тапсырған “Еділбай тұқымды” 16 бас қойын қолды еткен. Ол туралы 68 жастағы серіктестік директоры полицияға шағымданған болатын. Келтірілген шығын 640 мың тенге. Қойлар иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілер анықталып, оларға ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.Қазіргі таңда аталған деректер бойынша алғашқы екеуіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3 және 3-ші ұрлық дерегі бойынша 2-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде банк қызметкері 12 млн теңгені қолды еткен
  • Киім ұрлығымен айналысқан ақтөбелік ұсталды
  • Темір ауданында кәріз құдықтарының қақпақтары ұрланды
  • Ерлі-зайыпты шопандар мал ұрлаған
  • Алаяқ әйелдер көбейген
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге