Ақтөбеге заңсыз келген Өзбекстан азаматтары ұсталды

    Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған төрт Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік істер қаралды.

    Іс материалдары бойынша, Өзбекстан Республикасының азаматтары биыл бақылау бекеті арқылы Қазақстан Республикасы аумағына өтіп, көші-қон карточкасына келу мақсатын “жеке мақсатта” деп көрсеткен. Шілде айынан бастап “С” ЖШС-де жұмысшы болып тас жолда жұмыс жасаған. Бірақ Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алмаған. Тараз қаласында уақытша тіркеліп тамыз айынан бастап Шалқар ауданында жұмыс жасаған. Тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмаған, мекен-жайын өзгерткені туралы қайтадан тіркеуден өтпеген.
    Осы әрекеттерімен Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі және 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған. Құқық бұзушылар-шетел азаматтары сотта жасаған құқық бұзушылықтарын мойындады. Соттың қаулыларымен Өзбекстан Республикасының азаматтары кінәлі деп танылып, оларға Қазақстан Республикасы шегінен бес тәулік ішінде өздігінен кетуі арқылы әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жазалар тағайындалды. Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Анасын балағаттаған ақтөбелік 10 тәулікке қамалды
  • Ақтөбеде көші-қон заңнамасын бұзған өзбек азаматы ұсталды
  • Ақтөбелік қайыр сұрағаны үшін қамауға алынды
  • Мас күйінде көлік жүргізген азаматтың жүргізуші куәлігі де болмаған
  • 8 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге