Ақтөбеде 300 бала әртүрлі құқықбұзушылықтар жасаған

    1 және 15 тамыз аралығында “Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде ішкі істер органдарына әртүрлі деңгейдегі құқықбұзушылықтар үшін 300-ге жуық кәмелет жасына толмағандар жеткізілді. 200 ден астам ата-ана әкімшілік жазаға тартылды, 7 жеке кәсіпкер 21 жасқа толмағандарға спирттік өнімдер сатқаны үшін жауапқа тартылды.

    Ақтөбе облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция бөлімшесі жаңа оқу жылынан бастап қаладағы оқу орындары мен мектептердің ата-аналар комитеттерімен кездесулер ұйымдастырады. Бұл жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталып отыр. Ата-аналар мен жастар бірлестіктері,мұғалімдер барлық қоғам болып жұмыла бірлесе еңбек еткенде жұмыс нәтижелі болмақ. Қазіргі кезде қаладағы көп қабатты тұрғын үйлер мен аула аймақтарын да тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тіркеуде тұрған азаматтарды тұрғылықты жері бойынша анықтау және олардың құқық бұзушылыққа жол бермеуіне тосқауыл болуға арналған жұмыстар да қолға алынды. Жасөспірімдерге қатысты заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Көңіл көтеру орындарында, кафе,мейрамханаларда күнделікті рейдтер жүргізіп, құқық бұзушылықтар анықталуда.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысынан 150 бомж табылды
  • Ақтөбеде ішіп алып көлік жүргізетіндер көбейген
  • Намаз оқитын оқушылар есепке алына ма?
  • Көше кезбелері полиция назарында
  • Бала еңбегін қанауға болмайды!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге