Тәртіп сақшылары қайырымдылық жасады

    Тәртіп сақшылары қайырымдылық жасады

    Полицейлер Ақтөбе облысындағы балалар үйлеріне “Мектепке жол акциясы” аясында 5,5 млн теңге аударды

    “Мектепке жол” акциясын қолдау мақсатында Ақтөбе облысы ІІД қызметкерлері облыстағы жетім балалар үйіне бір күндік жалақыларын аударды.

    - Алайда оларға еліміздің болашағы ретінде толыққанды азамат болуына тең мүмкіндіктер қарастырылу керек. Сондықтан, оларға тиесілі білім беруге қолдан келген барлық нәрселермен қамтамасыз етуге жағдай жасау азаматтық борышымыз деп санаймыз. Ақтөбелік тәртіп сақшылары балаларға 5,5 млн теңге қаржы жинап берді, есеп шоттарына аударды. Алға және Жайсан балалар үйіне 2 млн.теңгеден, кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығына 1,5 млн теңгеден аударылды,-дейді ІІД баспасөз хатшысы Нұргүл Қонақбаева.

    Полицейлер тарапынан жиналған қаржы жетім балалардың оқуға қажетті құрал-жабдықтарына жұмсалатын болады.
    - Жаңа оқу жылында балаларға қажетті барлық заттарды аламыз. Алға облыстық балалар үйі мен Ақтөбе облыстық ІІД тығыз қарым-қатынаста. Үнемі біздің балалар үйіне қамқоршылық көрсетіп, демеушілік көрсетіп жүр. Оған дәлел, біздің үйден шыққан екі түлегіміз ішкі істер Министрлігінің Қостанай академиясында білім алып жатыр,- дейді Алға облыстық балалар үйінің директорының орынбасары Замира Қарабекова.

    Ал кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығындағы балалар үшін полицейлер 1,5 млн теңге аударған.
    - Кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығында түрлі тағдырмен келген балалар жатыр. Орталықта қырық балаға арналған орын бар. Қазіргі күні он алты бала орталықта жатыр. Балаларды қабылдау тәулік бойы жүреді. Орталыққа келген балаларды медициналық тексерістен өткіземіз, олармен психолог, социолог мамандар сөйлеседі. Біздің міндетіміз балаларға олардың жалғыз қалғанын білдіртпеуіміз керек. Барынша ашық сөйлесіп, оларды түсініп жұмыс жасауымыз керек. Біздің орталықта үш айға дейін балалар бола алады. Үш айдан соң, отбасына қайтадан табыстаймыз. Отбасы жоқ балаларды жетімдер үйіне тапсырамыз. Немесе құзырлы органдармен бірігіп жұмыс жасап, асырап алушы жақсы отбасылар болса, соларға тапсырамыз. Бүгінгі алып отырған 1,5 млн.теңгені балаларға қажетті заттарға жұмсаймыз. Бізде балалар далада ойнайтын спорттық алаң жасағымыз келеді. Орталықта отызға жуық қызметкер жұмыс жасайды. Балалар сабақты іште оқиды. Оларға ұстаздардың көңілі көп бөлінеді,-дейді Кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығының директоры Элмира Қадимова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жетім балалар орталыққа орналасып жатыр
  • Мейірімге шөлдетпеші ешкімді...
  • Жетім балалар үшін үй салынуда
  • Ақтөбе – балаға мейірімді қала
  • “Жаз жайнатып, күн күлдіріп...”
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге