Ақтөбелік қызының өлімі үшін 20 млн теңге талап етуде

    Ақтөбеде жалғыз қызынан айрылған ана дәрігерлерді сотқа берді. Ол жұмысына салғырттық танытқандардан 20 млн теңге өтемақы талап етуде.

    Әлия Берниязованың қызынан айрылып, шарқ ұрғанына 4 жылға жуық уақыт болған. Алайда әлі күнге дейін әділдік таппай жүр. Айтуынша, небәрі 20 жастағы қызы Аида дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймауынан қайтыс болған.
    - Қызым 2013 жылдың 9 маусымында қайтыс болды. Дәрігерлер Аиданың қандай ауруға шалдыққанын анықтай алмады. Қызым бірден арықтап, салмақ жоғалта бастады. Су ішкісі келе беретін. Алайда дәрігерлер оны ауруханаға жатқызудан бас тартты. Ақыры ауруын анықтай алмай, “панкреатит” деп ауруханаға жатқызды. Одан кейін ешқандай тексеру жүргізбестен, глюкоза екті. Қызым ауруханада 18 күн ес-түссіз жатып, қайтыс болды. Соңыра қызымның қант диабетімен ауыратындығы анықталды. Уколдан кейін қандағы қанттың деңгейі 30 ммоль/л.-ге жеткен. (қалыпты жағдай –-5,5 ммоль/л.),-дейді анасы Әлия Берниязова.

    Анасының айтуынша, колледжді қызыл дипломмен аяқтаған Аида 17 жасынан бастап еңбекке араласқан. Жақын арада тұрмысқа шығуды да жоспарлапты. Полицейлер оның қазасынан соң өз ісіне салғырт қараған дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғапты. Алайда сотқа дейінгі тергеу қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтап қалған.
    -Астаналық тәуелсіз сарапшылар қызымның бас миының ісінуінен қайтыс болғандығын анықтады. Қызымның қант диабетіне шалдыққаны дер кезінде анықталып, уақытылы ем жүргізілмеген. Дәрігерлер медициналық қызметті сапасыз жүргізгендіктен мұның арты қайғылы жағдайға әкеп соқты. Алайда мұны 4 жылдан бері дәлелдей алмай келе жатырмын. Осы уақыттың аралығында бірнеше тергеуші ауысып, іс ақыры аяқсыз қалды. Мен қызымнан да, қайғының кесірінен денсаулығымнан да айрылдым,-дейді Әлия.
    Әділдік іздеген ақтөбелік үш бірдей жергілікті медициналық мекемені сотқа берді. Ол қызының өлімі үшін дәрігерлерден 20 млн теңге талап етуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл жайттан хабардар екендігін және істің ақ-қарасы сот үкімінен кейін ғана белгілі болатындығын айтты. Жақында азаматтық шағым сотта қаралмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік дәрігерлер сәбидің өлімі үшін жауап берді
  • Ақтөбелік келіншек дәрігерлерді сотқа бермек
  • Ақтөбелік азаматша анасының өлімі үшін “Автопарктен” өтемақы талап етуде
  • Ақтөбелік үш бірдей емхананы сотқа берді
  • Ақтөбелік тұрғын дәрігерлерден 10 миллион теңге талап етуде
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге