Өзбекстан азаматынан киік мүйізі табылды

    Жергілікті полицейлер киік мүйізін тасымалдаған Өзбекстан республикасының азаматын ұстады. Бұл жөнінде облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

    Ақтөбеде “Браконьер” жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Бір күннің ішінде тәртіп сақшылары заңсыз балық аулап, аң атуға қатысты 20-ға жуық заңсыздықты анықтаған.

    - Ақтөбе облысының жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері “Газ” маркалы автокөлікті тоқтатып, Өзбекстан азаматына тиесілі сөмкеден 4 киік мүйізін тәркіледі. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 339 бабының 1 бөлігі, яғни “Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу” бабы бойынша іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, күдікті айыппұл төлейді немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін,-деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

    Бұған қоса жол –патрульдік полиция қызметкерлері «ВАЗ - 21140» автокөлігін тоқтатып, одан 100 келі шаян тауып алған. 53 жастағы жүргізуші енді айыппұл төлеп құтылмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғызда заңсыз ауланған балық тәркіленді
  • Ескі киіктің мүйізі - 1,6 млн теңге
  • Ырғыз-Торғай резерватының инспекторлары заңсыз киік аулаған
  • Ақтөбеде киік мүйізін сатып жүрген ауыл тұрғындары ұсталды
  • Киік мүйізін жинаған тараздықтар ұсталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге