Күдіктінің анасы: “Ұлым таксисті өлтірген жоқ”

    Ақтөбеде “ такси жүргізушісін өлтірді” деп айыпталған күдіктінің анасы әділдік іздейді. Ольга Чендей ұлы Алексейдің бұл қылмысқа қатысы жоқтығына сенімді.

    19 жастағы Алексей Чендей қазір қамауда отыр. Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабының 2 бөлігі ("Адам өлтiру") бойынша айып тағылуда. Алайда анасы Ольганың айтуынша, Алексей бұл қылмысты жасаған жоқ. Екі айдан бері абақтыда отырған ұлы да өзінің жазықсыз екендігін айтады.

    -Ұлымды полицейлер 24 тамыз күні ұстап алып кетті. Танысы Вадим оның өзімен бірге такси жүргізушісін өлтіргенін айтыпты. Бірақ ұлым бұл қылмысқа қатысы жоқтығын айтады. Такси жүргізушісін тамыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні өлтірген. Бұл күні ұлым келінімнің сіңлісінің үйіне қонған. Оның жолдасы түнгі ауысымда жұмыс істейді. Түнде қорқатындығын айтып, үнемі Алексейді қонуға шақыратын. Тергеушілердің айтуынша, ұлым танысымен бірге такси жүргізушісін өлтіріп, жүк салғышқа салынған мәйітпен қаланы аралап жүрген. Олардың құжаттары жоқ. Көшеде емін –еркін жүрсе, полиция неліктен ұстамайды?!Ешқандай дәлелдері жоқ. Әмиян мен ұялы телефон да табылмады. Қылмысты ашу үшін ұлыма көрнеу жала жауып отыр,-дейді Ольга.

    Вадим такси жүргізушісін өлтіргенін өз мойнына алған. Ал Алексей түрмеге кездесуге барған анасына өзінің кінәсі жоқтығын айтқан.
    -Тергеушінің айтуынша, олардың такси жүргізушісіне төлейтін ақшасы болмаған. Вадим марқұмның өздерін қорқытып, балағаттағанын айтыпты. Ақыры дауласып, екеуі ер адамды өлтірген көрінеді. Алайда мен бұған сенбеймін. Көлікте марқұмның әйелі мен келіні болған. Өзі Қарғалыда тұрады екен. Жол бойында біздің балалар такси жүргізушісін тоқтатып, көлігіне мінген.Ер адам алдымен туыстарын базарға апарған.Соңыра 41 разъезге қарай жүріпті. Менің ұлым ол жерде не істейді?! Ешқандай туысы жоқ. Бір жарым айдың ішінде ұлыммен бір-ақ рет кездестім. Ол өзінің кінәсіздігін айтып отыр.Куәлерден де жауап алынған жоқ.Ұлым колледжге оқуға түскісі келген. Енді жас өмірі түрмеде өтетін болды.Менің ұлым қылмыскер емес, -дейді анасы.

    Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін полицейлер 55 жастағы такси жүргізушісін өлтірген күдіктілердің ұсталғанын хабарлаған еді. Облыстық ІІД мәліметінше, 19 жастағы екі жігіт өз қылмыстарын мо-йындарына алған. Ер адамның мәйіті Ақтөбе-Астрахань тас жолында 17 тамыз күні көлік ішінен табылған еді. Қылмысты әшкерелеу үшін жедел тергеу тобы құрылды. Іздестіру шараларының барысында Ақтөбе қаласының тұрғындары ұсталған. Жигули маркалы көліктің жүргізушісін қауіпсіздік белдігімен қылғындырып өлтірген екен. Полицейлердің мәліметінше, жігіттер ер адамды өлтіріп, ұялы телефоны мен әмиянын алып кеткен. Ақтөбе жұртын түршіктірген қылмыс жақында сотта қаралуы тиіс.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік әйелінің бұрынғы қайынатасын “өлтірген”
  • Ақтөбеде такси жүргізушісін өлтірген екі күдікті ұсталды
  • Ақтөбелік екі баланы өлтірген маньяк Украинадан табылды
  • Алаяқ 21 такси жүргізушісін алдап кетті
  • Ақтөбеде адам өлтіріп, такси жүргізушісін ұрлаған қарақшылар сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге