Күдікке ілінген экс–полицей бой тасалап жүр

    Ақтөбеде “қызметін асыра пайдаланған” 5 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

    Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бес қызметкері "шектеулі балық өнімдерін сатушыларды қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін қаржы бопсалаған, тәркіленген тауарды өзге адамдарға өткізген" деген күдікке ілінген.

    -Күдіктілер қатарында басқарма бастығының орынбасары, екі бөлімнің бастығы мен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері бар. Бес полицейдің үшеуі сот санкциясымен қамауға алынған. Біреуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйінде отыр. Ал енді біреуі тергеуден бой тасалап, жасырынып жүр,-дейді Жасұлан Дәулембаев.
    Тергеуден бой тасалап жүрген 42 жастағы полицей Марат Баевқа жемқорлыққа қарсы қызмет іздеу жариялады. Күдікті туралы мәлімет бергендерге қомақты сыйақы тағайындалған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 4 адамның өліміне қатысты тергеу жүруде
  • Наркологиялық диспансер анықтамасы ХҚКО арқылы берілуі мүмкін
  • ІІД ҰҚКБ бастығының орынбасары ұсталды
  • Жуырда Өндіргеновтің соты басталады
  • Полиция қызметкерлері сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге