Ақтөбеде жұмыссыз жігіттер есірткі сатқан

    Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге сотталды.Олар аса ірі көлемдегі марихуананы Ақтөбе мен Атырау облысының тұрғындарына сатқан.

    Сотталушылар биыл 15 наурыз күні Қарабұтақ ауылының тұсындағы Самара-Шымкент тас жолында ұсталған. Олар Қызылордадан Ақтөбеге есірткі алып келе жатқан болып шықты. Көліктің ішін тексерген кезде одан 5 келіден астам марихуа-на табылған. Сотта олардың бұл қылмыспен 2016 жылдың қарашасынан бастап айналысып келе жатқандығы анықталды. Қылмыстық топты ақтөбелік Руслан Қосжанов құрған. Еш жерде жұмыс істемейтін жігіт марихуана қолданатындықтан, ақшадан тапшылық көрген. Сөйтіп, еш жерде жұмыс істемейтін тағы үш жігіттің басын қосады. Қылмыстық топ құрып, есірткі сату арқылы байымақ болыпты. Ұйымдасқан қылмыстық топ марихуананы Қызылорда қаласынан сатып алған. Соңыра аса ірі көлемдегі есірткіні жүйелі түрде Ақтөбе мен Атырау облыстарына сатып отырыпты. Судья Ахметқали Молдағалиевтің сөзінше, қылмыстық топ арнайы схемамен жұмыс істеген. Полицейлердің қолына түспес үшін телефонмен сөйлескен кезде бір-бірінің атын атамаған. Өздеріне лақап есімдер қойған. Сөйлескен кезде өздерінің есірткі сатумен айналысатынын білдірмеу үшін құпия сөздер мен терминдерді қолданған. Ал ірі көлемдегі есірткіні жалдамалы пәтерлерде сақтап келіпті. Cатуға арналған марихуананы өздері де қолданған. Полицейлер оларды жедел алдын алу шарасының барысында қолға түсірді.

    Тергеу органдары оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құрып,аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтап, сатқаны үшін (Қылмыстық Кодекстің 262 бабының 1,2 бөліктері мен 297 бабының 4 бөлігі) айып тағылған еді. Сотталушылар 30-32 жас аралығындағы жас жігіттер.
    6 қазан күні Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушыларға үкім шықты. Оған сәйкес, қылмыстық топтың басшысы Руслан Қосжанов 17 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал топ мүшелері Акбар Ибрашев, Руслан Әбдіков пен Вадим Бекназаровтың әрқайсысы 16 жылға сотталды. Олардың қылмыстық жолмен келген бірнеше көлігі де тәркіленетін болды. Бұған қоса Руслан Қосжанов түрмеде ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Алайда сот үкімімен сотталушылардың туыстары да, адвокаттары да келіспейді.

    -Әбдіковтен ашқандай есірткі табылған жоқ.Бірақ оны да басқалары секілді 16 жылға бас бостандығынан айырды. Түсініксіз,-деп таңырқады адвокат Луиза Гафарова.
    Бұл үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топты басқарғаны үшін абақтыға қамалған Руслан Қосжановтың адвокаты да келіспейді.
    -Олардың ешқайсысы да наркодиспансерде есепте тұрған жоқ, есірткіні тек арасында ғана қолданған. Сотта ұйымдасқан қылмыстық топты Қосжанов басқарды деп отыр. Оған абақтыда ішімдіктен мәжбүрлі түрде емдеуді тағайындады. Банданы маскүнем адам қалайша басқаруы мүмкін?!Біз шағымданатын боламыз,-дейді Светлана Леппик.
    Наразы тарап енді облыстық сотқа аппелияциялық шағым түсірмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде есірткі сатқан нашақор 10 жылға сотталды
  • Ақтөбеде 1 топтағы мүгедек 11 жылға сотталды
  • Ақтөбеде есірткі сатқан күдіктінің соты басталды
  • Есірткі тасымалдаған ағайынды үш жігіт сотталды
  • Маскүнем меңгеруші есірткі сатқаны үшін сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге