Ақтөбеде клиентінің қымбат көлігін сатқан жігіт сотқа келді

    Ақтөбеде көлік жөндеу бекетінің бірінің қызметкері құны 6 млн теңге болатын қымбат көлікті ұрлап әкеткен. Қазір бұл қылмысқа қатысы бар Бауыржан Досмағамбетов сотта жауап беріп жатыр.

    Көлік жөндеуші қыркүйек айында қала тұрғындарының біріне “Тайота Камри” автокөлігінің майысқан жерін қалпына келтіріп, бояп беруге келісім береді. Ба-уыржан Досмағамбетов бағасы 5,9 млн теңге тұратын қымбат көліктің жол-көлік оқиғасы кезінде аздап майысқан жүргізуші есігін қалпына келтіреді. Көлік жөндеуші бұл қызметі үшін клиенттен 30 мың теңге сұрайды. Бірақ көлікті бояйтын құралы сынып қалған ол өзге орталыққа баруға мәжбүр болады. Қымбат көлікті қаланың басқа ауданындағы орталыққа өзі айдап апарған сотталушы оны соңыра Атырау-Ақтөбе бағытындағы тас жолмен айдап әкеткен. Сотта ол қымбат көлікке қызығып, ұрлыққа барғанын айтып отыр.
    -Көліктің майысқан бөлігін жөндеп, басқа орталықта боятуға келістік. Бұл үшін клиенттен 5 мың теңге алдым. Көлікті сату ойымда болмаған. Қызығып айдап кеткен едім. Бірақ Бейнеуге барған соң 750 мың теңгеге Толик деген балаға сатып жібердім.Құжаттарын сұраған, кейін беретінімді айттым.Көлікті сатып алу-сату келісімшарты жасалған жоқ. Мені Атырау қаласында полиция ұстап алды. Сөйтіп, көлікті иесіне қайтардым,-дейді Бауыржан Досмағамбетов.
    Бір баланың әкесі қазір жасаған қылмысы үшін Қылмыстық кодекстің “Ұрлық” бабы бойынша сотта жауап беріп жатыр. Айтуынша, ол қымбат көліктен сатқан ақшаны өзінің жеке қажеттіліктері үшін жұмсап жіберген. Қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралып жатыр. Сот отырысында жәбірленуші көлік қайтарылғанмен, оны қайта жөндеуге 700 мың теңге жұмсалғанын айтты. Белгілі болғандай, сотталушы бұрын істі болған. Бірақ жазасы шартты мерзімге ауыстырылған. Ол көлік иесінен сотта кешірім сұрады. Сондай-ақ қазір тергеу изоляторында отырған жігіттің бауыр циррозына шалдыққаны белгілі болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Автокөлік базарында сатушы көп, алушы аз
  • Жаралы полицей қылмыскерлерді қолға түсірді
  • Клиентінің автокөлігін айдап әкеткен көлік жуушы жазаланды
  • Көлікті жабдықтауға полицияның рұқсаты керек
  • Жол ережесіне өзгерістер енді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге