Тергеушінің есімін кеудесіне жазған ақтөбеліктің ісі сотқа жолданды

    Ақтөбеде тергеушінің есімін кеудесіне ойып жазған Бауыржан Өнерзаққа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Ал топтық төбелестің басқа қатысушыларына іздеу жарияланды. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев хабарлады.

    Бұған дейін уақытша тергеу изоляторында отырған Бауыржан Өнерзақ өзінің кінәсіздігін айтып, денесіне тергеушінің тегін өз қанымен ойып жазған еді. Ақтөбе қаласындағы «Strike» түнгі клубының маңында болған төбелес кезінде жанжалдасқан жігіттерді тоқтатпақ болған ол уақытша қамауға алынған еді. Осыдан кейін ол аштық жариялап, тергеушінің тегін кеудесіне жазды. Соңыра күдікті сот шешімімен үй қамаққа шықты. Прокуратура тергеу ісінде заңсыздықтар болғандығын анықтаған.
    -Бауыржан Өнерзаққа қатысты іс топпен бұзақылық жасағаны үшін “Бұзақылық”бабының 2 -тармағы бойынша сотқа жіберілді. Ақтөбе қаласының прокуратурасы күдіктінің іс-әрекетін Қылмыстық Кодекстің “Бұзақылық” бабының 3 –тармағына ауыстыру туралы қаулының күшін жойды. Өйткені істе дәлел жоқ. Тергеу кезінде анықталған заңсыздықтарды жоюға ұсыныс берілді. Қылмыстық іске қатысы бар өзге күдіктілерге қатысты қылмыстық іс бөлек өндіріске алынып, оларға іздеу жарияланды,-дейді Жасұлан Дәулембаев.

    Жұбайы Арина Нұғманова тергеушілердің Бауыржан Өнерзақты бұған дейін Қылмыстық Кодекстің "Бұзақылық және денсаулыққа жеңіл деңгейде қасақана зиян келтіру"бабы бойынша күдікті деп санағандығын айтқан. Бұл бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған. Арина күйеуінің кінәсіз екендігіне сенімді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Атыраулық футбол фанаттарын соққыға жыққандар іздестіріліп жатыр
  • Күдікке ілінген экс–полицей бой тасалап жүр
  • 4 адамның өліміне қатысты тергеу жүруде
  • Ақтөбелік жігіт тергеушінің есімін кеудесіне ойып жазды
  • Қалыңдығына ерегіскен хромтаулық жігіт қыз алып қашты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге