Клиентінің қымбат көлігін сатқан ақтөбелік жігіт сотталып кетті

    Ақтөбеде көлік жөндеу бекетінің қызметкері құны шамамен 6 млн теңге болатын қымбат көлікті айдап әкеткен. Ұрлық жасағаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалған жігіт енді жазасын абақтыда өтейді.

    Биыл қыркүйекте Бауыржан Досмағамбетов қала тұрғындарының бірінің “Тайота Камри” автокөлігін жөндеп бермек болады. Көлік сырлаушы құны 5,9 млн теңге тұратын қымбат көліктің жол апатынан сызылып қалған есігін қалпына келтіріп береді.Сотталушы өз қызметін 30 мың теңгеге бағалайды. Алайда көлікті бояйтын құралы сынып қалғандықтан, ол өзге жөндеу бекетіне баруға мәжбүр болады. “Тайота Камри” автокөлігін қаланың басқа ауданындағы орталыққа айдап апарған жігіт оны Атырау-Ақтөбе бағытындағы тас жолмен айдап әкеткен. Сөйтіп, көлікті Бейнеуде Толик есімді жігітке 750 мың теңгеге сатып жібереді. Ал тапқан ақшасына пәтер жалдап, көңіл көтеріп жатқан. Он күннен соң көлік сырлаушыны атыраулық полицейлер ұстап, қамауға алған. Сотта ол қымбат көлікке қызыққандықтан, ұрлыққа барғандығын айтты. Айтуынша, ол қазір көлікті иесіне қайтарған. Бауыр циррозына шалдыққан жігіт өзін қатаң жазаламауын өтінді.

    №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Е. Әбдіқалықов Бауыржан Досмағамбетовті ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Ол 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Сотталушы бұған дейін де қылмыс жасап, оған бас бостандығын шектеу жазасы кесілген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Клиентінің қымбат көлігін сатқан ақтөбелік жігіт сотталып кетті
  • Ақтөбеде клиентінің қымбат көлігін сатқан жігіт сотқа келді
  • Автокөлік базарында сатушы көп, алушы аз
  • Клиентінің автокөлігін айдап әкеткен көлік жуушы жазаланды
  • VIP-таксисті өлтірген қылмыскерге үкім шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге