Мектеп директоры 30 млн теңге айыппұл төлейді

    №20 мектеп–лицейдің бұрынғы директоры пара алғаны үшін 30 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді. Егер Ольга Бажитова көрсетілген қаражатты өтемесе, бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл жөнінде Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

    22 мамыр күні Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Әлия Бекталиева №20 мектеп-лицейдің бұрынғы директорына қатысты қылмыстық істі қарады. Сот үкіміне сәйкес, мүлкі тәркіленген Ольга Бажитова енді 30 000 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Бұл қаражат мектеп директорының алған парасынан алпыс есе артық. Жазасын өтемеген жағдайда ол бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұған қоса ол білім беру саласында басқарушы лауазымда атқару құқығынан біржола айрылды.

    Айыптау қорытындысына сәйкес, наурыз айында білім мекемесінің 58 жастағы директоры атқарылған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін мектеп асханасын жалға алушыдан 500 мың теңге пара алған. Ал кәсіпкер мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жергілікті департаментіне шағымданған. Ольга Бажитова параны алу кезінде қолға түсті.
    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ембіде мектеп басшысы көшеде дәрет сындырған
  • Парақор тергеуші 1,5 миллион теңге айыппұл төлейді
  • Түрмеге ішімдік тасыған мұғалжарлық айыппұл төлейді

  • Жасөспірімге шылым сатқан дүкенші жазаланды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге