Жұмыссыз ақтөбеліктен бір келіден аса марихуана табылды

    Ақтөбе облысында полицейлер бір келіден астам есірткі тәркіледі. Марихуана 43 жастағы жұмыссыз ақтөбеліктен табылған.

    Тәртіп сақшылары 19 қарашада Хромтау қаласына жетпей, Самара –Шымкент тас жолының бойында KIA Sorento автокөлігін тоқтатқан. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметтік итпен тексеру кезінде қала тұрғыны автокөліктің жүксалғышынан өзіне тән иісі бар, өсімдік тектес заты бар полиэтиленді ораманы өз еркімен полицейлерге берген. Сараптама қорытындысы оның салмағы 1 келі 185 грамм болатын марихуана екендігін анықтады. Қазір бұл дерек бойынша
    ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 бабының 4 бөлігі бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.
    Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін еліміздің батыс аймағында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталған еді. Облыстың 4 тұрғыны Ақтөбе, Атырау мен Қызылорда облыстарының аумағында ірі көлемде есірткі сақтап, сатумен айналысқан. Сот үкімімен қылмыстық топтың басшысы 17 жылға сотталды. Ал оның сыбайластары 16 жылға абақтыға қамалды.
    Жыл басынан бері есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 140 келіден астам есірткі тәркілепті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жұмыссыз жігіттер есірткі сатқан
  • Ақтөбе арқылы есірткі алып өтпек болғандар ұсталды
  • Ақтөбелік полицейлер 7 келіден астам марихуана тәркіледі
  • Есірткі тасымалдаушы қызылордалық ұсталды
  • 3,5 келі есірткі тәркіленді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге