Алға ауданында қарасора өсірген әйел сотталып кетті

    Алға ауданының тұрғыны өз үйінің ауласында 599 түп қарасора өсірген. Әйел өсімдіктен өзі қолдану үшін марихуана әзірлепті.

    Айыптау актісіне қарағанда, сотталушы 2015жылдың мамыры мен 2017 жылдың шілдесі аралығында өз ауласында қарасора өсірген. Есірткі шөбін ол үнемі баптап, суарып отырған көрінеді. Қайыңдысай ауылының тұрғынынан полицейлер тінту кезінде өсіп тұрған 599 түп қарасора шөбін тапқан. Бұдан бөлек 46 жастағы әйелден қарасора шөбінен дайындалған салмағы 8,09 грамм болатын марихуана тәркіленіпті. Сотталушының үстінен полицияға көршілері шағым түсірген. Сотта Ирина Баранова есірткіні қолдан жасағанын және оны өзі қолданбақ болғанын айтты. Көршілерінің айтуынша, еш жерде жұмыс істемейтін әйел ішімдікке де әуес болып шықты.
    Сот Ирина Баранованы ҚР ҚК 300 бабының 2 бөлігі мен 296 бабының 2 бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сотталушы абақтыда ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жұмыссыз ақтөбеліктен бір келіден аса марихуана табылды
  • Ақтөбеде жұмыссыз жігіттер есірткі сатқан
  • Ақтөбелік өз ауласында қарасора өсірген
  • Ақтөбеде әуретті жеріне есірткі жасырған келіншек сотталып кетті
  • Ақтөбеде есірткі егілген алқап табылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге