Еркін Ізбасар: “Менен жасанды бандит жасап отыр”

    Ақтөбеде мұнай ұрлығы үшін айыпталған “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Басты сотталушы Еркін Ізбасар өзіне тағылған айыпты мойындамайтындығын айтты.

    Сотқа жауап бермес бұрын сот залынан журналистерді іздеген Еркін Ізбасар өзіне жазықсыз жала жабылып отырғанын айтты.
    -Журналистер қайда?! Төменде отырса, жазсын,айтсын. Мен 20 жылдан бері мүгедекпін, жүрмеймін. Ішпей-жемей мені қамап тастады. Ешкім жауап алмады. Түрмеде мені ұрып-соқты.Оны интернетке салып, мені “өзін –өзі ұрды” көрсетті. Халықты алдап, менен жасанды бандит жасап отыр. Сендер түсініңдерші, мен ауру адаммын. Мүгедектерге той жасап, үнемі көмектесіп келемін. Ақтөбеде күрестің дамуына да қолдау көрсеттім.Прокурорлардың айтқанында бір шындық жоқ. БАҚ өкілдеріне басқа жағынан ақпарат беріп отыр,-деді ол.
    Қылмыстық топтың басшысы ретінде таныстырылған Еркін Ізбасар өзін түрмеде азаптағандығын айтты.
    -Жандарың ашыса, менің жарты денем жұмыс істемейді. Маған соңғы екі айда 4 рет ота жасады. Мені әйеліммен бірге салқын вагонға тиеді. Дәрі тамызғыштың астында жаттым. Ал өздері жылы жерде отырды. Өзімді жер аударылған адамдар секілді сезіндім. Мені ұрып-соқты, тісімді сындырды. Жамбылға апарғаннан кейін де түрмеге бірден жатқызған жоқ. Көшеде жатуыма тура келді. Мына балаларға да обал, жаным ашиды. Мен өзіме тағылған айыпты мойындамаймын,-деді Еркін Ізбасар.

    Қазақстан чемпионы да сотқа тартылуда
    “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобына қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқандардың арасында самбо күресінен Қазақстан чемпионы болған спортшы бар. 37 жастағы Мұрат Тұржанов ақша бопсалап, қару ұстағаны үшін айыпталуда.
    Сотта белгілі болғандай, қылмыс 2011 жылы болған. Марат Тұржановтың айтуынша, оның ауылдасы кәсіпкерге мемлекеттік тендерді алуға көмектесіп, одан өз қызметі үшін 3 млн теңге алуға келіскен. Алайда кәсіпкер оның үлесін бермеген көрінеді. Соңыра оның үйіне барған сотталушы тапаншамен қорқытып, ақшаны беруін талап еткен. Ол сотқа қаруға ойыншыққа қызыққандай қызыққандығын айтып берді.
    -Қару ұстауға ешқандай қажеттілік болған жоқ. Тек қызығушылық қана болды. Біз, ер адамдар, негізі аңшылықты жақсы көреміз. Қаруды, ойыншықты ұнатамыз. Оны ұрыс қаруы болғанда ұстамаған болар едім. Менікі бар болғаны газды тапанша болған. Ішінде патроны да болған жоқ,-дейді ол.
    Жауап беру кезінде ол өзін Қазақстан чемпионы ретінде таныстырды.
    -Мен 2001 жылға дейін спортпен шұғылдандым. Самбо күресімен айналыстым. Қазақстан чемпионы болдым. Еркін Ізбасарды 1996 жылдан бері танимын. Онымен тек спортқа қатысты қарым –қатынас жасап жүрдім. Демеушілік жасап, жарыстарға қатысуға қолдау көрсетті. Мен “Төрт ағайынды” туралы естіген жоқпын.Спортшымын, қылмыстық топқа еш қатысым жоқ. Қылмыс әлемінде де ешқандай беделім жоқ,-деді ол.
    Айта кетелік, қазір Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мұнай ұрлығына қатысы бар 26 адамнан жауап алынып жатыр. Бұдан бөлек оларға ҚР қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша, яғни ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған қатысқаны, заңсыз қару сақтағаны, билік өкіліне бағынбағаны, адам ұрлағаны, жалған құжат жасағаны, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені және т.б қылмыстары үшін кінә тағылуда. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда 7 сотталушы өздеріне тағылған айыпты толықтай мойнына алған. Олар: Жангелді Өтегенов, Адайбек Сәрсенов, Ербол Тектіғұлов, Амандос Есенғалиев, Жанат Тектіғұлов, Айбек Тілеуғазиев, Мұханбет Шавлетов. Ал 12 адам (Кәдіржан Пангерейұлы, Мұрат Тұржанов, Нұрлыбек Тонтаев, Қайыркелді Ізтұрғанов, Нұрлан Ноғаев, Саясат Дүсіпов, Сүлейман Сүгірбаев, Нұрболат Қайырбаев, Сергей Савченко, Руслан Дермұханов, Мұрат Қуанышбаев, Жандос Ақмағамбетов) өз қылмыстарын жартылай растаған. Ал Еркін Ізбасар, Аухат Қалиев, Болатбек Бекетов, Қартжан Қалдымұрат, Біржан Аманқұлов, Рахат Аханов пен Бекжан Құлтаевтар тағылған айып бойынша өз кінәсін мойындамаған. Сот отырысы әлі жалғасып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ағайынды төртеу” кәсіпорынды рейдерлік жолмен тартып алған
  • “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобына қатысты сот отырысы басталды
  • Мұнай ұрлығына қатысты алдын ала сот тыңдауы белгіленді
  • Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты алдын ала сот тыңдауы белгіленді
  • Атышулы “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобы басшысының ісі сотқа жетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге