Ақтөбелік әйелдер арзан жанар-жағар май алып беруге уәде еткен

    Ақтөбеде арзан бағамен жанар-жағар май алып беруге уәде еткен келіншектер сот алдына келді. Олар жәбірленушіні алдап, 680 мың теңгесін алып кеткен.

    Тергеу органдары оларға алдын ала адамдар тобымен сөз байласу арқылы алаяқтық жасағаны үшін айып тағып отыр. Айыптау актісіне қарағанда, сотталушы Махаббат К.-ға өзімен зауытта бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптесі Марат У. кездесіп, арзан жанар-жағар май алып беруін сұрайды. Келіншек жұмыстан шығып кеткендіктен, ер адамға көмектесе алмайды. Бірақ бұл ұсыныстан бас та тартпайды. Ақыры өзінің танысы Айгүл. Н.-мен келісіп,ер адамның 680 мың теңгесін алдау арқылы алып кетеді.

    -Мен Махаббатпен химиялық зауытта бірге жұмыс істедім.Көлік жүргіземін. Бірде ол арзан бағаға бензин мен дизельді жанармай алып бере алатындығын айтты.Оның сөзі есімде қалды, бірақ аса мән бере қоймадым. Біраз уақыттан кейін маған Айгүл хабарласты. Ол өзін басқа атпен таныстырды. Бас бухгалтер болып жұмыс істейтінін, менің нөмірімді өзіне Махаббат бергенін және жанармайға талон сатуға мүмкіндігі барын айтты,-деді сотта жәбірленуші.
    Сотталушы сөзіне сендіру үшін ер адамға мөр басылған жүкқұжатты көрсетеді. Ақыры жәбірленуші 680 мың теңгеге 5 тонна дизельді жанар май мен АИ-93 маркалы 4 тонна бензин алуға келіседі. Алайда ақшаны алған келіншек сол күйі жоғалып кетеді. Сотта белгілі болғандай, Махаббат бұрын жанар-жағар май жеткізумен айналысқан болып шықты. Жәбірленуші де одан жанармай алып тұрған екен. Сотта 4 жастағы баласы бар Махаббат өз кінәсін толықтай мойындап, ақшаның жартысын төлеуге келісімін берді. Ал оның сыбайласы делінген Айгүл өз кінәсін мойындамай отыр. Сотталушының үш баласы мен 1 топтағы мүгедек күйеуі бар.
    -Жәбірленуші мені тек жақсы жағымнан білетін. Мен Айгүлмен де көптен бері таныспын. Менің әкем мен оның жолдасы дос ретінде араласады. Екі жыл бұрын ол маған хабарласып, желілік маркетингке қатысуды ұсынған еді. Сол кезден бастап жақсы араласа бастадық. Мен оның қаржылық қиындықтары бар екенін білетін едім. Күйеуі ауырады, кішкентай балалары бар. Ол менен жиі қарызға ақша сұрап, жұмыс тауып беруімді сұрайтын. Мен өз кінәмді мойындаймын. Оны арандатқаным рас. Жәбірленушіге хабарласып,бухгалтер ретінде таныстырып, алдауға кеңес бердім. Сөзі сенімді шығу үшін жүкқұжатын да жасап бердім. Ол бірден келісті. Оған бәрібір еді. Мен бұл ақшадан тек 40 мың теңге ғана алдым. Тергеу басталған кезде оның күйеуі мені кінәлай бастады. Шындығында, біз екеуміз де кінәліміз. Ол барлығын күйеуінен жасырып жасады, бірақ ол өзінің берген жауабында әйелін қорғап, мені кінәлап отыр. Мен шығынды өтеуге дайынмын. Бірақ Айгүл көнбей отыр,-деді Махаббат.
    №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Гүлнар Тілепова бұл істің орташа ауыр қылмысқа жататынын айтып, тараптардың келісуімен істі тоқтатуға болатынын айтты. Сотталушыларға 26 желтоқсанға дейін уақыт берілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алаяқ зейнеткердің 1 млн теңгесін алып кеткен
  • Сотталған алаяқ арзанға көлік әперем деп алдап соқты
  • Жанар-жағар май бекетінен солярка ұрланды
  • 24 адамды алдаған әйелге сот үкімі шықты
  • Әуежайдан жанар-жағар май ұрланды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге