Апиын дайындаған мүгедек сотталып кетті

    Апиын дайындаған мүгедек сотталып кетті

    54 жастағы Валерий Пиляк аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтағаны үшін сотталып кетті. Ол енді өмірінің 3 жылын түрмеде өткізеді.

    Айыптау актісіне қарағанда, оның Әбілқайырхан көшесіндегі үйлердің біріндегі пәтерінен 5,69 грамм экстракциялық апиын, шприц, ине мен мақта табылған. Ол көкнәр мен ацетоннан есірткі қайнатыпты. Валерий Пиляк 5 тамызда қамауға алынған. Сотта 54 жастағы ер адамның үшінші топтағы мүгедек екені белгілі болды. Ол есірткіні ауырсынуды басу үшін қолданғанын айтты. Денсаулық жағдайын ескеріп, өзін қатаң жазаламауын сұрады.

    Сот ер адамды ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Үкімге сәйкес, ол 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ ол мемлекетке сараптама жүргізілгені үшін 118 мың теңге төлеуі тиіс. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алға ауданында қарасора өсірген әйел сотталып кетті
  • Ақтөбеде әуретті жеріне есірткі жасырған келіншек сотталып кетті
  • Ақтөбеде 1 топтағы мүгедек 11 жылға сотталды
  • Ақтөбелік есірткіні “геморройды емдейтін дәрі” деп ойлаған

  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге