“Ағайынды төртеудің” ісі: Сотталушыдан өлген адам үшін пәтер бопсалаған

    Сотта “Ағайынды төртеудің” ісі бойынша куәгерлерден де жауап алынуда. Бұрын істі болған Махамбет Н. процесс кезінде 2011 жылы КА-168/2 мекемесінде дін жолындағылар мен намаз оқымайтындар арасында болған қақтығыс туралы айтып берді.

    Айыптау актісі бойынша, 2011 жылы қылмыстық топтың мүшелері оған шабуыл жасап, бопсалау арқылы пәтерін алмақ болыпты.
    -Мен ол кезде КА-168/3 мекемесінде жазамды өтеп жатқан едім.Оқиға болатын күні коныс колониясындағы сотталушылармен бірге жұмысқа бара жатқанмын. Жол талғамайтын көлік алдымызды бөгеді. 3-4 адам шығып, мен мінген көліктің есігін ашпақ болды. Бірақ оларынан түк шықпады. Содан кейін қолдарындағы таяқпен, кірпішпен соққы жасай бастады. Көліктің терезесі шытынап кетті. Осының бәрі қас-қағым сәтте болды.Біреуінің қолында травматикалық тапаншаға ұқсас зат та болды. Біз мінген көліктің жүргізушісі кейін шегініп,қоныс-колониясына қарай қайтты. Өзіңіз білесіз, сол кезде 2011 жылы “алтыншы” түрмеде бір оқиға болған.Намаз оқымайтындар мен дін жолындағы сотталушылар арасында қақтығыс болды. Қоныс колониясында да бір сотталушыны ұрып-соққан.Ол қайтыс болды.Мен сол оқиғамен байланысты болар дегенмін. Өзіме қатысы бар деп ойлаған жоқпын. Бір жағынан, полиция қызметкерлері шығар деп ойладым. Өйткені қасымыздағы сотталушылардың бірі есірткі шегетін. Бұл шабуылдың маған жасалғанын артынан білдім,-деді ол.
    -Сіз жазаңызды өтеп жүргенде дін жолында жүрген бе едіңіз? –деп сұрады мемлекеттік айыптаушы. Алайда, судья бұл сұрақты процестен алып тастады.
    Сотта белгілі болғандай, жәбірленуші 2004 жылы бұзақылық жасағаны үшін сотталған. Өзінің айтуынша, төбелес кезінде ол серіктесімен бірге Қайыржан Батыровты өлтіріп алған.( Прокурор оқыған айыптау актісінде “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобының мүшесі ретінде Қайыржан Батыровтың есімі аталады-ред.)
    -Мен жас кезімде қателік жасадым. Сол үшін жазамды алдым.2004 жылы Құрмыш ауданындағы бір кездесуге барған едім. Сол кезде төбелес шығып, адам өлді. Мені “бұзақылық” бабы бойынша соттады, ал қасымдағы адам кісі өлтіргені үшін түрмеге отырды. Мұрат Тұржанов қоныс колониясына келіп,өлген кісінің қызына көмектесуім керектігін айтты.Мен көмектесуге қарсы болған жоқпын. “Әлі 2, 5 жыл түрмеде отырамын. Бостандыққа шыққан соң, бұл туралы сөйлесеміз” дедім. Менен пәтер бопсалаған жоқ. Ешкім “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобынан келдім” демеді. Қазақта өлген адамның құнын сұрайтын дәстүр бар. Мен сол үшін сұрады деп түсіндім. Ешкім мені мәжбүрлеп, қорқытқан жоқ.Мен оның отбасына көмектесуден әлі де бас тартпаймын. Тергеушілер шақырғандықтан, бұл оқиғаның барлығын есіме түсіруге мәжбүр болдым. Өйткені мен істі болған адаммын. Қазір әкімшілік бақылаудамын,- деді ол.
    Куәгер сотта “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобы мен олардың мүшелері туралы ештеңе білмейтінін айтты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ағайынды төртеудің” ісі: Судья Еркін Ізбасарға ұйықтағаны үшін ескерту жасады
  • Еркін Ізбасар: “Менен жасанды бандит жасап отыр”
  • “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобына қатысты сот отырысы басталды
  • Атышулы “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобы басшысының ісі сотқа жетті
  • Ақтөбелік экс-шенеуніктің “Ағайынды төртеуге” қатыстылығы тексерілді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге