“Ағайынды төртеудің” ісі: Сотталушы; “ҰҚК қызметкерлері басымды жарды”

    Ақтөбеде “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобының мүшелерінен жауап алу жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында сотталушылардың бірі Қартжан Қалдымұрат өзіне тергеу изоляторында қысым көрсетілгенін айтып, бастапқы берген түсініктемесінен бас тартты.

    Ақтөбе қаласының 33 жастағы тұрғыны Қартжан Қалдымұрат биыл 4 қаңтарда қамауға алынған. Ол алғашында “суық қаруды заңсыз тасымалдау немесе алып жүру” және "билік өкіліне мойынсұнбау" баптары бойынша күдікті ретінде ұсталған. Соңыра "адам ұрлау", “ақша бопсалау”, "мұнайды заңсыз тасымалдап,сату " және "ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу" баптары бо-йынша айып тағылған. Алайда Қартжан Қалдымұрат сотта берген түсініктемелерінен бас тартып, өзін ҰҚК қызметкерлерінің ұрып-соққандығын айтып отыр.
    -Мен адам ұрлады, ақша бопсалады деген айыптаулармен келіспеймін. Қылмыстық топқа да қатысым жоқ. Менің қалтама газды-травматикалық тапанша лақтырды. Онымен түрмеге қамай алмайтын болғандықтан, “билік өкіліне қарсы шықты” деді. Алдыңнан бетпердемен шығып, автомат тақаса, оларға қалай қарсылық көрсетесің?! Әркім шамасын біледі ғой. Мені ҰҚК қызметкерлері жертөлеге қамап, аяғымнан тепті. Басымды жарды, оң жағында тыртық бар. Бұл туралы прокуратураға арыздандым. Бірақ ешқандай жауап келмеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жаздық. Олар дене жарақатын анықтау үшін сараптама жүргізу керек деді. Сөйтіп жүргенде, екі ай өтіп кетті. Ақыры іс жабылып қалды, -дейді ол.
    Сотталушы өзін “Ағайынды төртеу ”қылмыстық тобының серкесі Еркін Ізбасар мен оның көмекшісі Аухат Қалиевке қарсы куәлік етуге мәжбүрлегенін айтады.
    -Менің істеген қылмыстарыма Еркін Ізбасар мен Аухат Қалиевтің еш қатысы жоқ. Маған “Еркін Ізбасардың адамы байғаниндік жігіттерден мұнайдың әр литрінен 1 теңге алып отырғанын көрдім ” деп куәлік ет деді. Мен онымен келіскен жоқпын. Өйткені көрмедім. Ақыры мені ұрып, қол қоюға мәжбүрледі. Сондықтан мен бірінші берген жауабымның барлығынан бас тартамын. Бұл кісілердің еш кінәсі жоқ. Мен өзім істеген істерге өзім жауап беремін. Сотқа дейінгі тергеу кезінде маған оларға жала жапсаң, бостандыққа шығасың деді.Мен жас кезімнен бастап спортпен айналысамын. Еркін Ізбасарды 2010 жылдан бас-тап танимын. Жарыстарда көріп жүрдім. Бірақ жақын араласқан емеспін,-деп ақталды сотталушы.
    Судья Ахметқали Молдағалиев Қартжанның прокурорларға құқық қорғау органы қызметкерлерінің қысым көрсету жөнінде айтқан уәжін тексеруді тапсырды.
    Айта кетелік, сотталушыға Байғанин ауданының тұрғыны Қайыркелді Ізтұрғановты ұрлап, одан ақша бопсалағаны үшін айып тағылуда. Мұнай ұрлығы үшін ұсталған жәбірленуші қазір Қартжан Қалдымұратпен бірге айыпталушы орындығында отыр. Сотта Қайыркелді Ізтұрғанов 2012 жылы өзін “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобының мүшелері ұрлап әкетіп, ұрып-соққаны туралы айтып берді. Айтуынша, ол сол кезде Байғанин ауданында мұнай алып, сатумен айналысқан.
    -Мен Қартжан Қалдымұрат пен Біржан Аманқұловпен бұрыннан таныспын. Бір-бірімізге қарызға ақша беріп тұрдық. Осы оқиғаның алдында да Біржан менен қарызға ақша сұраған еді. Мен берген жоқпын. Өйткені қалтамда ақша болмады. 2012 жылы жазда Байғаниннен Ақтөбеге келді. Жалдамалы пәтердің қасында Қартжанмен кездесіп қалдық. Әңгімелесіп тұрған жерімізде ол күтпеген жерден соққы жасады. Екеуміз жағаласып қалдық. Сол кезде көліктен бір топ адам шығып, мені ұстап алды. Қарабалин басыма тапанша тақады. Біреуі пышақ кезенді. Содан кейін мені көлікке салып, елсіз жерге алып кетті. Металл құбырмен ұрып,тапаншамен атты. Басым жарылып, мұрным сынды.Танымайтын адамдар мені жан-жағымнан ұрып, теуіп жүрді. Үсті-басымнан сау жер қалмады. Соңыра Аманқұлов қарызға ақша бермегенімді айтып, өз ренішін білдірді. Маған “2млн теңге ақша қоясың.Көлігіңді бересің”,-деді.Қалтамды ақтарып, азын-аулақ ақшам мен телефонымды алды. Осыдан кейін жер үйге апарып қамады. Келесі күні амалын тауып, қашып шықтым. Сөйтсем, олар мені Алға ауданына апарған екен. Жол бойындағы үйлердің бірінен көмек сұрап, Ақтөбеге жеттім.Бұл оқиға туралы ешкімге айта алмадым. Өйткені олар біреуге айтсам, арты жаман болатындығын айтты. Өз бетіммен екі ай емделдім,-деді ол.
    Қайыркелді Ізтұрғанов осы оқиғадан кейін арадағы дауды шешу үшін Алматыдағы Еркін Ізбасармен кездескен. Алайда одан көмек болмаған көрінеді.
    -Еркін Ізбасарға жағдайымды айтып, түсіндірдім. Бірақ ешкімнен көмек болмады. Ақтөбеге келгеннен кейін де Қартжан тиісуін қоймады. Ақыры сұраған ақшасын бердім. Қанша екені есімде жоқ. Қазір Қартжан мен Аманқұловқа қояр талабым жоқ. Мені ұрып-соққан Қарабалин мен Құдайбергеновті де кешіргенмін. Қаншама уақыт өтіп кетті,- дейді жәбірленуші.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ағайынды төртеудің” ісі: Судья Еркін Ізбасарға ұйықтағаны үшін ескерту жасады
  • Еркін Ізбасар: “Менен жасанды бандит жасап отыр”
  • “Ағайынды төртеу” кәсіпорынды рейдерлік жолмен тартып алған
  • Мұнай ұрлығына қатысты алдын ала сот тыңдауы белгіленді
  • Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты алдын ала сот тыңдауы белгіленді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге