Ақтөбеде ақша бопсалаған ҰҚКД-нің қызметкерлері сотталды

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы қызметкерлері Асланбек Тахауиев пен Кәрімбай Дабылов есепшіні қорқытып, одан ақша бопсалаған. Олар 8-10 жыл аралығындағы мерзімге бас бостандығынан айрылды.

    Айыптау актісіне қарағанда, олар «Атyrau serviсe.kz» ЖШС есебіндегі 200 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, иемденбек болады. Ресей азаматы, ҰҚК бұрынғы қызметкері Ивашкеевичпен бірге жоспар құрылып, бұл іске есепшіні де тартады. Сөйтіп, 15 млн теңгені қолма қол ақшаға айналдырады.Алайда бұл қаржының 1 млн 600 мың теңгесін банк өз қызметі үшін ұстап қалады. Ал жетпеген ақшаны ҰҚКД қызметкерлері есепшіден талап етеді. Әйел өзіне тиесілі жерді кепілге қойып, несие алады. Сөйтіп, банк ұстаған қаржыны қайтарып береді. Осыдан кейін сотталушылар тағы 15 млн теңгені иемденбек болады. Алайда бұл жолы ақшаны ортадағы делдалдар алып кетеді. Чекистер есепшіге қысым көрсетіп, Ресейдегі қылмыс әлемінің белсенділерімен қорқытады.Ақыры әйел прокуратураға шағымданады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері биыл 8 маусымда қамауға алынды. Сотта подполковник Асланбек Тахауиев өз кінәсін мойындаған жоқ.
    21 желтоқсан күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басқарма бастығының орынбасары, подполковник Асланбек Тахауиев пен оның жүргізушісі, прапорщик Кәрімбай Дабыловқа сот үкімі шықты. Оған сәйкес, Асланбек Тахауиев ҚР Қылмыстық кодексінің “Билiктi немесе лауазымды өкiлеттiктердi асыра пайдалану», «Қорқытып алу» баптары бойынша айыпты деп танылды. Ол подполковник шенінен айрылып, 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал оның жүргізушісі Кәрімбай Дабылов Қылмыстық кодекстің “Қорқытып алу” бабы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға сотталды. Бұған қоса сотталушылардың қылмыстық жолмен алған жеке мүліктері тәркіленетін болды. Сондай –ақ сот отырысы кезінде арада делдалдық қызмет атқарған Мамаев пен Сабитаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Олар компания есепшотындағы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, заңсыз иемденген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Полицейлер қара уылдырық пен бекіре сатушыларды бопсалаған
  • Қарақшы топ кәсіпкерді интимдік бейнетаспамен бопсалаған
  • Учаскелік инспектор бұрынғы әріптестеріне алаяқтық жасауға көмектескен
  • Ақтөбелік экс-депутат Мейіржан Өндіргенов 4 жылға сотталды
  • Алға ауданындағы ІІБ бастығының орынбасары пара алғаны үшін сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге