Ақтөбелік келіншек жалған дипломмен әкімдікте жұмыс істеген

    Ол 2010 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің дипломын 720 мың теңгеге сатып алыпты. Жалған құжатпен жұмыс істеген қызметкерді арнайы тексеру кезінде Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері анықтаған.

    Қарғалы аудандық сотында жалған құжатпен жұмыс істеген келіншектің ісі қаралды. Сотта белгілі болғандай, ол 2017 жылдың мамырында Қарғалы ауданының Әлімбетов ауылының әкімдігіне жұмысқа тұрмақ болған. Мемлекеттік қызметке орналаспақ болған маманның құжаттарын Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері тексереді. Сол кезде оның Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің дипломын сатып алғаны анықталды. Сотта келіншек өз кінәсін мойындады. Айтуынша, ол 2006 жылы жоғары оқу орнына сессия тапсыруға барған. Сол кезде белгісіз әйел оған “Есеп және аудит” факультетіне түсуге ұсыныс жасапты. Бұл қызметі үшін сотталушы оған барлығы 720 мың теңге берген. Сөйтіп, 2010 жылы қолына жоғары оқу орнын бітіргені туралы жалған құжат алған. Ал 7 жылдан соң әкімдікке жұмысқа орналаспақ болады. Сот отырысы кезінде оның бұл жерде төрт айға жуық қызмет еткендігі айтылды. Алайда кейін денсаулығына байланысты жұмыстан шығып кетіпті.
    32 жастағы келіншек ҚР ҚК 385 бабының 3 бөлігі (көрiнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша айыпты деп танылды. Ол енді бір ай ішінде мемлекетке 50 АЕК көлемінде, яғни 113 450 теңге айыппұл төлейді. Жалған құжатты сатқан әйел де сот алдында жа-уап беруі мүмкін. Оған қатысты қылмыстық іс басқа өндіріске бөлінген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік жалған тонау қылмысын қолдан ұйымдастырған
  • Жалған бомба туралы хабарлаған қария сотталды
  • Мектеп психологы жалған дипломмен жұмыс істеген
  • Жалған жауап берген студент жазаланды
  • Дипломды сатып алған “мұғалімдер” сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге