Адвокаттар лицензиясынан айрылып жатыр

    Адвокаттар лицензиясынан айрылып жатыр

    Ақтөбеде сот шешімімен үш адвокат қызметінен айрылды. Лицензиясынан айрылғандықтан, олар енді ешкімнің құқығын қорғай алмайды. Бір топ ақтөбелік адвокат өздерінің кәсіби қызметтеріне кедергі келтірілгенін айтып, өз наразылықтарын білдіруде.

    Бұған дейін Ақтөбе облыстық сотының шешімімен үш адвокат лицензиясынан айрылған. Енді Әділет Министрлігі Ақтөбедегі адвокаттар алқасының төрайымы Раиса Якубенконы да қызметінен айыру үшін сотқа шағым түсірген. Ведомоствоның мәліметінше, адвокаттар қолданыстағы заңнама мен кәсіби этиканы бұзған. Соның салдарынан ақтөбеліктер мемлекет кепілдік берген заң көмегінен алу құқығынан айрылыпты. Ал адвокаттардың қызметіне Раиса Якубенко тиісті деңгейде бақылау жүргізбеген көрінеді. Алайда наразы топ бұл айыптаумен келіспейді. Айтуларынша, ол адвокаттардың тәуелсіздігін шектейтін заңға қарсылық танытқаны үшін жазаланғалы отыр.
    - Әділет министрлігі оларды азаматтардың конституциялық құқығын бұзып, қорғаусыз қалдырды деп айыптап отыр. Алайда сотта адвокаттың екі бірдей тергеу ісіне қатысқаны дәлелденген жоқ. Сотта қаралған қылмыстық істердің кейбірі келісіммен, рақымшылықпен қысқартылды. Үкім де шықты. Адвокаттар қорғаған азаматтардың тарапынан еш шағым түскен жоқ,-дейді адвокат Эльвира Абдулина.
    Әділет министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес,бұдан бөлек 15 адвокат тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Құзырлы орган сотта қаралған қылмыстық істер бойынша адвокат қызметіне ақы төлеуде заңсыздықтар тапқан көрінеді. Олар сотқа бюджет қаражатын қайтару жөнінде шағым түсірген. Алайда адвокаттар бұл айыптауды да жоққа шығарады. Өйткені олар әрептестерінің жауапкершілікке тартылғанынан хабарсыз болып шықты.

    - Қазақстанда «Адвокаттар қызметі және заң көмегі туралы» заң жобасы қаралған. Сол кезде ақтөбелік адвокаттар өз қарсылықтарын білдірді. Өйткені бұл жобада адвокаттардың қызметіне шектеу қоятын баптар бар.Осыдан Әділет департаменті тарапынан тексеру жүргізілді. Соның нәтижесі бойынша үш адвокат лицензиясынан айрылды. Бірақ сот үкімдері күшіне енген жоқ. Аппелияциялық шағым түсірілді,-дейді адвокат Өркен Төлебаев.
    Ақтөбелік адвокаттар мемлекет кепілдік берген заңды көмек жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысудан бас тартып отыр. Өйткені олар заң органдарының жіберген қателігінен зардап шегеміз бе деп қорқады. Мұның соңы қарапайым азаматтардың заңды көмек алуына кедергі келтіруі мүмкін. Өткен жылы бұл бағдарламаға 98 адвокат қатысыпты. Дегенмен Ақтөбе облыстық Әділет департаменті адвокаттардың “Райса Якубенко заң жобасына қарсы шыққаны үшін лицензиядан айрылғалы отыр” деген пікірімен келіспейді. Айтуларынша, олар басшыларын қорғау үшін осындай қадамға барып отыр. Ал сот отырысы кезінде лицензиясынан айрылған адвокаттар өз кінәсін мойындап, мемлекетпен кепілдік берілген заң көмегін көрсеткені үшін қайтара төленген қаражатты қайтаратындықтарын айтыпты. Айта кетелік, Ақтөбедегі облыстық адвокаттар алқасының 150 мүшесі бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кәсіпкерлерге арналған заң жобасы жеңілдетіледі
  • Жеке сот орындаушылары туралы білесіз бе?
  • Адвокат: Мейіржан Өндіргеновтің денсаулығы нашарлап кетті
  • Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына бас бостандығынан айрылды
  • Ауыл тұрғыны: Адвокатқа алданып қалдым
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге