Ақтөбеде 8 полицей қылмыстық жауапкершілікке тартылды

    Өткен жылы полицейлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 8 дерек тіркелді. Ал қылмыстың ізін суытпай ашқан тәртіп сақшылары сыйақы алып жатыр.

    Облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиевтің сөзінше, былтыр 8 полиция қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның 4-еуі пара алса, қалғандары қызметтік өкілеттіліктерін асыра пайдаланған. Ал ауыр қылмыстарды ашқан полицейлер сыйақы алып жатыр.

    - Таяуда жол-патрульдік полициясының қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстап алды. Оның біреуі дәріханада, екіншісі дүкенде болған. Полицейлердің біреуі денсаулығына байланысты демалыс алған. Соған қарамастан дәріханаға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді қолға түсірді. Олардың әрқайсысы 100 мың теңгеден ақшалай сыйақы алды. Бұл полицейлердің жұмысын жандандырып, ауыр қылмыстардың ашылуына септігін тигізеді,-дейді ол.
    Бұдан бөлек Ақтөбеде қоғамдық тәртіпті күзетуге қарапайым қала тұрғындары да атсалысуда. Қазір полицейлердің 1 мыңнан астам қоғамдық көмекшісі бар. Оларға өткен жылы 2 млн теңге сыйақы берілген.
    -Қоғамдық көмекшілерге арнайы куәлік беріледі. Олар қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандарды көрсе, полицияға хабар береді. Бұл үшін оларға алғысхат пен сыйақы беріледі. Өткен жылы жергілікті атқарушы орган оларға 2 млн теңге бөлді,-дейді Қаныбек Жақсығалиев.
    Ақтөбеде полицейлер жетіспейді. Қазір 50 адамның орны бос тұр. Сондықтан қауіпсіздікті бақылауда бейнекамералар көп қызмет атқарады. Қазір облыста 200-ден аса бейнекамера бар. Бірақ бұл аздық етеді. Сол себепті биыл Ақтөбе қаласының әкімдігі 140 бейнекамера орнатуды жоспарлап отыр. Олар аулалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ көше қауіпсіздігі мен жол ережесінің сақталуын бақылау үшін 30 камера қондырылмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде мектеп алдында намаз оқығандар жазаланады
  • Ақтөбеде 300 адам заңсыз пәтер жалдаған
  • Полицейлер қан тапсырды
  • Ақтөбеде қала тұрғынын өлтірген ер адам ұсталды
  • Ақтөбеде қалта ұрыларын WhatsApp арқылы ұстамақ
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге