Такси жүргізушісін өлтіргендер ұзақ мерзімге сотталды

    Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында такси жүргізушісін өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Сотталушылар 16-17 жылға бас бостандықтарынан айрылды.

    Айыптау актісіне қарағанда, сотталушылар 55 жастағы ер адамды өткен жылы 16 тамызда буындырып өлтірген. Сол күні такси жүргізушісі өзінің әйелі мен келінін орталық базарға апарған. Жол бойында оның көлігіне екі жігіт отырады. Жүргізуші оларды 41 разъезге жеткізбек болады. Алайда сотталушылар оны жіппен буындырып өлтіріп, көлігін жол бойына тастап кетеді. Соңыра марқұмның ұялы телефоны мен ішінде 10 мың теңгесі бар әмиянын ұрлап кетеді. Сотталушылар бұл іске ішімдік ішкен күйі барған.
    Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, куәгерлер болмағандықтан, қылмысты ашу қиынға түскен. Өйткені сотталушылар қылмыс іздерін жасырып, такси жүргізушісін өзін-өзі өлтірген етіп көрсетеді.Алайда сараптама ер адамның өздігінен қауіпсіздік белдігімен буынып өлуі мүмкін еместігін көрсетті.
    Тергеу кезінде Вадим Б. барлығын мойындап, қылмыстың қалай болғанын айтып берген. Алайда сотта берген түсініктемесінен бас тартып, өзіне полицейлердің қысым жасағанын айтады. Алексей Ч. де өзінің кінәсіздігін айтқан еді.
    Полицейлер дәлел жинау үшін жасырын тергеу әрекеттерін жүргізген. Түрмеде оңаша қалған Вадим Алексей барлығын мо-йындауын сұраған. Ал Алексей Вадимді барлығын өз мойына алуға не болмаса бәрінен бас тартуға көндіруге тырысқан көрінеді.
    Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Алексейді 20 жылға, ал Вадимді 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұған қоса оларды такси жүргізушісінің ұлына 5 млн теңге моральдық шығын төлеу қажет деп есептейді.
    24 қаңтар күні такси жүргізушісін өлтіргендерге сот үкімі шықты. 20 жастағы Алексей Ч. 17 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал оның құрдасы Вадим Б. енді өмірінің 16 жылын абақтыда өткізеді. Бұдан бөлек олар марқұмның ұлына моральдық және материалдық өтемақы төлеуі тиіс.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жұмыстасын буындырып өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
  • Күдіктінің анасы: “Ұлым таксисті өлтірген жоқ”
  • Ақтөбеде такси жүргізушісін өлтірген екі күдікті ұсталды
  • Алаяқ 21 такси жүргізушісін алдап кетті
  • Ақтөбеде адам өлтіріп, такси жүргізушісін ұрлаған қарақшылар сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге