Ақтөбеде есірткінің ірі партиясы тәркіленді

    Ақтау қаласының тұрғындарынан аса ірі көлемдегі марихуана табылды. Бұл жөнінде ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

    Күдіктілерді облыстық ІІД Есірткімен күрес басқармасының жедел уәкілдері мен жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 15 қаңтар күні түнде ұстаған. Олар патрульдік автокөлікті көріп, жасырынбақ болады.
    -«Деу-Джентра» маркалы автөкөліктің ішінде 30 жастағы жүргізуші мен 27 жастағы жолаушы болған. Олардың екеуі де - Ақтау қаласының тұрғындары.Автокөлікті тінту кезінде ішінен полиэтиленді қалтаға салынған өсімдік тектес, марихуанаға ұқсас зат табылды. Сараптама қорытындысы бойынша оның салмағы 2келі 900 грамм болатын марихуана екені анықталды, -деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
    Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 бабының 4 бөлігі бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жұмыссыз ақтөбеліктен бір келіден аса марихуана табылды
  • Өзбекстан азаматынан киік мүйізі табылды
  • Ақтөбелік полицейлер 7 келіден астам марихуана тәркіледі
  • Пойызда есірткі тасымалдаған ақтаулық ұсталды
  • Жем қаласының тұрғыны 7 келі есірткімен ұсталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге