Ақтөбелік өзін қаққан адамнан бір млн теңге сұрады

    Ақтөбеде жеті баланың әкесі жол апатынан кейін қолына балдақ ұстап қалған. Жұмыстан қайтқан оны үйінің дәл қасында көлік қаққан екен. Мұны көрген көршісі дереу жедел жәрдем қызметіне хабарласыпты.

    Жалғас Оспанов енді өмірін апатқа дейінгі және апаттан кейінгі кез деп екіге бөлетін болды. Өткен жылдың қазан айында, сағат шамамен 20.30-дарда ол үйіне келе жатқан. Зардап шегуші «Энергосистема» ЖШС-да жолаушыларға арналған "Газель" көлігінің жүргізушісі болып жұмыс жасаған екен. Жалғас Маресьев көшесін жаяуларға арналған жолақ бойымен кесіп өте бергенде, оны "Лада" келіп түйген. Бұл жолақ тұсына бағдаршам орнатылмапты.
    - Мен 12 м жерге дейін ұшып түстім. Сүйектерім сынды, - деді сотта сол күнді есіне алған Жалғас.
    Апаттан кейін ол бір жарым ай ауруханада жатыпты. Оны қаққан жүргізуші Жалғасқа күнде дерлік келіп тұрған. Дәрігерлер жүргізушіге қажет дәрілер мен заттар тізімін берген. Бір реттік жаялық, бандаж, қымбат анализдер тізімі берілген. Жүргізушінің науқас үшін 108 мың теңгесі жұмсалыпты. Ал жапа шеккен адам әзірге әзер қозғалады. Апаттан кейінгі 4 ай бойы Жалғас балдақпен жүреді. Түнде қасында 18 жастағы кенже баласы отырады екен. Күндіз қыздары мен зейнеткер әйелінің қарауында. Жалғастың бәрі де кәмелетке толған жеті баласы бар.
    Айыпталушы Нұралы М. сотта өтіп бара жатқан адамды көрмей қалғанын айтты.
    - Оның жолдан толық өтіп кетуіне 1-ақ метр жер қалыпты, - дейді ол. Айыпталушының айтуынша, Жалғас ауруханадан шыққаннан кейін үйіне барып, кешірім сұраған. - Жалғастың қызы маған моральдық шығын үшін 3 миллион теңге беруімді ұсынды, - дейді Нұралы М. – Бірақ бізде мұнша ақша жоқ. Біраз уақыттан кейін телефонмен хабарласып, 1 миллион берсем, келісімге келетіндерін айтты. Алайда менде мұндай да қаражат жоқ. Өзім жұмыссызбын. Әйелім – зейнеткер. Мүгедек немерем бар. Мен көлігімді сақтандыру ақшасын және 10 күн ішінде 300 мың теңге жинап бере аламын. Басқа қаражатым жоқ.
    Сот процесі кезінде Жалғас Оспанов өзінің 3 айлық жалақысы мөлшерін, емделуге кеткен шығындарын, моральдық шығын сомасын төлеуді сұрады. 1 миллион берсе ғана кешірім беретінін мәлімдеді.
    - Мен де жол апатына түскенмін, - дейді айыпталушының адвокаты Нұртілеу Боранбаев. – Мұндай жағдайда мемлекет тарапынан тегін емдеу жүргізіледі, тек порталға тіркелу керек. Сақтандыру төлемі 440 мың теңгедей болады. Сонда барлығы 740 мың теңге беріледі.
    Бірақ Жалғас онымен келіспеді.
    - Қазір тегін ештеме жоқ. Денсаулығымды түзеу үшін маған 1 миллион теңге керек, - деді ол.
    Сот процесі жалғасады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жалғас Жұмағұлов америкалық қарсыласын ұтты
  • 30 жастағы ақтөбелік жол апатынан мүгедек болды
  • “Автопарк” анасынан айрылған ақтөбелікке 2 млн теңге төлейді
  • Ақтөбелік азаматша анасының өлімі үшін “Автопарктен” өтемақы талап етуде
  • Терроризм баптары бойынша айыпталған екі жігіттің әкесі әділдік іздеуде
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге