Мұнай ұрлаған жұмысшылар бұрынғы “сыбайластарына” қарсы куәлік етуде

    Ақтөбеде “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобына қатысты сот ісін қарау жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында “Сағыз петролиум” ЖШС бұрынғы қызметкерлері мұнайды қалай ұрлап, сатқандары туралы айтып берді.

    Сотта куәлік етуші Асқар Балманов пен Төлеген Нұрғалиев өткен жылы мұнай ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олар Байғанин ауданының Қағанай кен орнында жұмыс істепті. Сотта бар кінәсін мойындағандықтан, олар 5 жылға шартты мерзімге сотталған.

    -Мен 2012 жылдан бастап “Сағыз петролиум Компани ” ЖШС қарасты Қағанай кен орнында оператор болып жұмыс істедім. 2015 жылы маусымда жұмыс орнына Қайыргелді Ізтұрғанов келіп, заңсыз мұнай сатуымызды сұрады. Алғашында бас тарттық. Алайда ол Жангелді Өтегеновпен бірге жиі келіп, қорқыта бастады. Жұмыс істемесек, арты жаман болатындығын айтты. Байғанин ауданы қашықта орналасқандықтан, өз өміріміз бен денсаулығымыз үшін қорықтық. Өйткені жергілікті тұрғындардан Ізтұрғановтың қылмыстық ортада беделді екенін естіген едім. Сөйтіп, келісім бердік. Қыркүйек айына дейін 12-15 рейс жасалды. Мұнайды түн ортасында ұрлап, сатып отырдық. Ізтұрғанов мұнайдың әр литрінен 6 теңге беретіндігін айтты. Түскен пайданың 10 мың теңгесін күзетшіге бердік. Соңыра ол ставканы 20 мың теңгеге көтерді. Ал қалған ақшаны вахтадағы бір ауысымдағы жұмыстасыммен бірге бөлісіп алдық. Бірнеше рейстен кейін Ізтұрғанов Есенжан Ергентаевпен жұмыс істейтіндігімізді айтты. Ақшаны бірде өздері, енді бірде жүргізушілер арқылы алып отырдық, -деді Асқар Балманов.
    Сотта белгілі болғандай, бұрынғы мұнайшылар өз қызметі үшін әр рейске 100-120 мың теңге алып отырған. Асқар Балмановтың сөзінше, ол бес айдың ішінде жалақыдан бөлек бас-аяғы 500 мың теңге пайда тапқан. Куәгерлер сотқа қатысушыларды қылмысқа ақшаға құныққаннан емес, сотталушылардан қорыққандықтан барғанына сендіріп бағуға тырыс-ты.
    -Мұнай ұрлағанымды мо-йындаймын. Ол үшін өкінемін. Жазамды да тартып жатырмын, мені жұмыстан қуып жіберді. Ақша қажет болғаны рас. Қызыма ота жасату керек еді. Бірақ 6 теңге десе де, 5 теңге десе де келіскен болар едім. Алайда ешқандай қызығушылығым болған жоқ. Менің басқа таңдауым болмады. Қорықтым,-деді Төлеген Нұрғалиев.
    Сотталғандар “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобы мен Еркін Ізбасар туралы мүлдем естімегендерін айтып отыр. Айыптау актісіне қарағанда, қылмыстық топ “Сағыз Петролеум” компаниясына қарасты “Қағанай” кен орнынан 2015 жылғы маусым-қыркүйек аралығында 530 тонна мұнай ұрлаған. Келген шығын 11 млн теңгеден асады. Сот отырысы жалғасып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ағайынды төртеудің” ісі: Сотталушы; “ҰҚК қызметкерлері басымды жарды”
  • “Ағайынды төртеу” кәсіпорынды рейдерлік жолмен тартып алған
  • Мұнай ұрлығына қатысты алдын ала сот тыңдауы белгіленді
  • Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты алдын ала сот тыңдауы белгіленді
  • Мұнай ұрлаушыларға көмектескен лауазымды полицей 400 мың теңге алған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге