Ақтөбеде 100-ден астам автобус жүргізушісі жылдамдығын арттырған

    “Автобус” жедел алдын алу шарасы барысында 900-ге жуық заңбұзушылық анықталды. Бұл жөнінде ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

    Ақтөбеде 22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында “Автобус” жедел алдын алу шарасы өткізілді. Бір айлық шара кезінде полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзған 846 жүргізушіні жауапкершілікке тартты.
    -Оның ішінде 2 жүргізушінің көлікті алкогольдік, есірткілік немесе масаң күйде басқарғаны, 42 адамның құжаты жоқтығы белгілі болды. Бұдан бөлек көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануына қатысты 164, ал жылдамдықты шамадан басқаруға қатысты 106 дерек анықталды. Ал 70 жүргізуші маневр жасау қағидаларын бұзса, 19 адам жаяу жүргіншілерге жол бермеген,-деп хабарлады полицияның баспасөз қызметінен.

    Айта кетелік, ақпан айында Ырғыз ауданында автобус өртеніп,52 адам көз жұмған болатын. Қайғылы оқиғаға жүргізушілердің дәнекерлеуіш шамның көмегімен көлік салонын жылытуы себеп болған. Осыдан кейін Ақтөбе жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілген болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 2000-ға жуық автобус жүргізушісі жауапқа тартылды
  • Ақтөбеде ішіп алып көлік жүргізетіндер көбейген
  • Ақтөбеде заң бұзған 487 шетелдік жазаланды
  • Автобус жүргізушілері үш күнде 300 рет ереже бұзған
  • Үздік автобус жүргізушілері анықталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге