Ақтөбеде балабақшаның жылу батареяларын ұрлаған қызметкер сотталып кетті

    Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің шаруашылық меңгерушісі Балқияш Молдагереева «АСиНА» ЖШС тиесілі 124 шойын батареяны қолды қылған. Сот 53 жастағы әйелге бұл қылмысы үшін 1 жылға шартты мерзімге жаза кесіп, 600 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.

    Даудың басы былтыр тамыз айында қалалық жұмыспен қамту орталығының көшуінен басталыпты. Ғимаратты жеке кәсіпкер балабақша ашу үшін сенімгерлік басқарумен алған. Алайда мемлекеттік мекеменің шаруашылық меңгерушісі жұмысшыларды жалдап, жылу батареялары мен электр тоғын, линолиумды алып кеткен. Алайда сот кезінде Балқияш Молдагереева тек жылу құбырларын ұрлағанын ғана мойындады. Ол батареяларды металл қабылдайтын жерге тапсырып, ақшаны өз қажетіне жаратқан болып шықты. Әкімдік қызметкерінің заңсыз әрекетінен кәсіпкерге 664 мың теңге материалдық залал келген. Ғимараттың мүлкін қолды қылған күдіктілердің қатарында алғашында жұмыспен қамту бөлімінің басшысы да болған. Алайда сотта Нәйлә Бөртебаева өзінің қылмыстық әрекеттен хабарсыз екенін және ол кезде Астанада болғандығын айтқан.
    16 ақпан күні № 2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Гүлнар Тілепова шаруашылық меңгерушісін ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабының 1 бөлігі (Ұрлық) бабы бойынша кінәлі деп тапты. Оған пробациялық бақылау белгіленіп, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Алайда Әсемгүл Балқыбаева бұл үкіммен келіспейді. Балабақша ашам деп қарызға батқан кәсіпкер 600 мың теңгенің өзінің шығынын жаппайтындығын айтып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғызда киік атқан қорықшылар сотталды
  • Жұмыстасын буындырып өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
  • Лауазымды шенеунік балабақшаны тонады деп айыпталды
  • “Өз күндеріңді өздерің көріңдер!”
  • Зейнетақысы аз қарттарға тегін азық-түлік беріліп жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге