Ақтөбеде мектеп-интернат тәрбиеленушісі соққыға жығылды

    Ақтөбе облысындағы Жайсаң арнаулы мектеп-интернатындағы бала ұру дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір бұл жағдай прокуратураның бақылауына алынды.

    Ақтөбелік қоғам белсендісі Әлима Әбдірова ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп-интернаттағы сұмдық жағдай туралы әлеуметтік желіде жариялаған еді.
    -16 ақпанда Жайсаң арнау-лы мектеп-интернатының тәрбиешісі бір баланы соққыға жықты. Оның денесінде түрлі жарақат іздері бар. Бұл қызметкердің балаларға алғаш рет қатыгездік көрсетуі емес. Алайда еңбек ұжымында жиналыс өткенмен, балаға қол көтерген тәрбиешіні жұмыс орнында қалдырды. Бұл мекеменің тәрбиеленушілері өз-өзін қорғай алмайды. Өйткені олардың көбі жетім өскен,-деп жазды ол.
    Ақтөбе облыстық прокуратурасы әлеуметтік желідегі жазбаға қатысты өз пікірлерін білдірді. Облыстық прокуратураның аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаевтың айтуынша, алдағы уақытта қылмыстық іс прокуратураның бақылауында болады.

    -Жайсаң арнаулы мектеп-интернатындағы бала ұру дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мәртөк аудандық ІІБ ҚР Қылмыстық Кодексінің 140 бабының 2 бөлігі, яғни “Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау” бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысын Ақтөбе облыстық прокуратурасы өз бақылауына алды,-деді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жыныстық құлдыққа қатысты істі прокуратура бақылайды
  • Тергеушінің есімін кеудесіне жазған ақтөбеліктің ісі сотқа жолданды
  • Облыстық мәслихат депутаты қамауға алынды
  • Құқық қорғаушы Әлима Әбдірова жауапқа тартылды
  • 4 адамның өліміне қатысты тергеу жүруде
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге