“Төрт ағайындының” ісі бойынша сотталушы: ”Мұнай тегін ағып жатқан дүние ғой”

    Ақтөбеде “Төрт ағайынды” қылмыстық тобына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында сотталушылардың бірі Сүлеймен Сүгірбаев тегін ағып жатқан мұнайдан ақша табуды көздегенін айтып салды.

    Ақтөбе облысындағы кен орындарынан мұнай ұрлаған қылмыстық топқа қатысты сот отырысында сотталушылардан бір-бірден жауап алынып жатыр. Олардың кейбірі өз қылмысын мойындап, қалай ұрлық жасағандарын айтып берді. Сотталушы Сүлеймен Сүгірбаевқа тергеу органдары аса ірі көлемде мұнай ұрлап, тасымалдағаны үшін айып тағуда.Оның заңсыз әрекетінен “СНПС Ақтөбе мұнайгаз” АҚ 138 млн теңге шығын келген. Алайда ол тағылған кінәнің барлығын бірдей мойындамай отыр.
    -Мен “мұнай тасымалдады” деген айыптаумен келіспеймін. Синельников кен орнынан 6 рет көлікке сұйықтық тиедім. Кен орынын маған Жанат Тектіғұлов көрсетті. Бірақ қатты ішімдік іше бастағандықтан, онымен жұмыс істеген жоқпын.Адайбек Сәрсеновпен танысып, ол көліктерді жіберіп отырды.Одан мұнайдың әр литрінен 20-25 теңгеден алып отырдым, -деді ол.

    Алайда Сүлеймен Сүгірбаев бір көлікте қанша мұнайдың болғанын білмейтін болып шықты.
    -Суы көп болды. Сондықтан көлікте қанша мұнай болғанына мән берген жоқпын. Қазақша, бизнес қой. Тегін келіп жатқан соң, санаған жоқпыз. Мұнай - тегін ағып жатқан дүние.Ақша істеп қалу ойымда болды,-дейді ол.
    Сот отырысы кезінде оның 2016 жылы Байғанин ауданындағы Қаратөбе кен орнынан мұнай ұрлағаны үшін де сотталғаны анықталды. Ал сотталушы Махамбет Шавлетов бұл қылмысқа қаржылық қиындықтан барғанын айтты. Сотталушы бұған дейін жеке көлігімен жолаушы тасымалдаған. Сотта ол 2016 жылы Жаңажол, Қожасай ауылдарының маңындағы мұнай цистерналарынан 4 рет мұнай ұрлағанын мойындады. Әр рейс сайын ол өз қызметі үшін 70 мың теңге алып отырған. Айтуынша, ол кен орынын иесіз деп ойлаған.
    -Кен орындарының иесіз екенін алдын-ала білгенмін. Ол жер қоршалмаған. Құмы әбден ластанған, экологиялық талаптардың сақталмағаны көрініп тұр. Ол жерге бірде-бір мемлекеттік мекеме бармаған. Барғанның өзінде ешқандай мән бермеген секілді. Бөшкелер әбден толып, мазутқа былғанып қалған. Ол жерден 20-30 метр жерде қалашық болды.Бақылап жүрген күзетшілерді көрмедім. Бізге ешкім кедергі жасаған жоқ, -дейді ол. Сотта Айбек Тілеуғазиев пен Бекжан Құлтаевтан да жауап алынды. Соңғысы Синельников кен орынына Камаз жүк көлігімен бес рет барып,мұнай тасымалдағанын айтты.

    - Мені Синельников кен орынына бес рет жіберді. Мұнай тиелген жүк көлігімен Солтүстік Қазақстанға екі рет бардым, ал қалғанын 41 разъездегі базада басқа көлікке құйып алды. Қостанайға барар жолда бір рет қауіпті жүк тиеуге рұқсат құжатымның мерзімі өткендігін айтып, көлігімді тоқтатты. Пеш отыны ретінде тиелген сұйықты ағызып алып, тексеретіндіктерін айтты. Тексерушілер үшінші күні мені босатып жіберді. Қолымда құжаттар болды. Сондықтан барлығын заңды деп ойладым. Ұрлыққа қатыспас едім,-деді Бекжан Құлтаев. Ол бұл үшін 100-120 мың теңге айлық алып отырған.

    Мұғалжар ауданындағы Синельников кен орнының вахталық қалашығы “Өзтүрік-Мұнай” ЖШС тиесілі болып шықты. Алайда банк алдында 420 млн теңге қарызы болғандықтан, компания жер қойнауын пайдалану құқығынан айрылған. Вахталық қалашыққа арест салыныпты. Жеке сот орындаушысы Форте банктің алғашында қалашыққа күзет қызметін қойғандығын айтты. Ал 2017 жылы қаржы жетпегендіктен, бұл қызметтен бас тартқан көрінеді.
    -Компания Алматыда тіркелген. Бірнеше рет хабарландыру жібердік. Алайда мекенжайы болмағандықтан, барлығы кері қайтты. Банк компанияның заңсыз несие алғандығын айтып, тергеу органдарына да шағымданған. Айтуларынша, басшылары іздеуде жүрген көрінеді. Бірақ, нақты айта алмаймын,-деді Қартабаев. Жалған құжат жасағаны үшін істі болған Евгений Винаев сотқа куәгер ретінде қатысты. Ол сотталушы Адайбек Сәрсеновпен жанар-жағар майды көтерме бағамен сататын фирмада жұмыс істегенін, оған құжат жағынан көмектескенін айтты. Сот жалғасып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мұнай ұрлаған жұмысшылар бұрынғы “сыбайластарына” қарсы куәлік етуде
  • “Ағайынды төртеудің” ісі: Судья Еркін Ізбасарға ұйықтағаны үшін ескерту жасады
  • Мұнай ұрлығына қатысты алдын ала сот тыңдауы белгіленді
  • Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты алдын ала сот тыңдауы белгіленді
  • Мұнай ұрлаушыларға көмектескен лауазымды полицей 400 мың теңге алған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге