Газ тапшылығына қатысты айыпталғандар ақталып шықты

    Ақтөбе соты шетелге сұйытылған газды тасымалдағаны үшін күдікке ілінген “Gold Steps” ЖШС-нің қызметкерлеріне ақтау үкімін шығарды.

    Тергеу органдары “Gold Steps” ЖШС-нің директоры Берік Есеновті, компанияның коммерциялық директоры Арман Сыздықовты, “Gas Impex” ЖШС –нің өкілі Камилл Төлегеновті экономикалық контрабандаға қатысы бар деп айыптаған еді. Олардың пайымдауынша, Ақтөбе облысына тиесілі әлеуметтік газ Ауғанстан мен Тәжікстанға заңсыз сатылып, соның салдарынан газ тапшылығы болған. Алайда сот бұл айыптауды жоққа шығарды.
    5 наурыз күні № 2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ербол Әбдіқалов газ ісі бойынша үкім шығарып, сотталушылардан келген залал үшін ресми түрде кешірім сұрады. Үкімге сәйкес, “Gold Steps” ЖШС-нің директоры Берік Есенов пен кәсіпорынның коммерциялық директоры Арман Сыздықов қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталып шықты. Сот оларды экономикалық контрабандаға қатысы жоқ деп тапты. Сондай-ақ құжатсыз мұнай тасымалдағаны үшін күдікке ілінген жүргізушілерді де кінәсіз деп тапты.
    - Ақталған Берік Есенов, Арман Сыздықов, Елдос Мұханбетжан, Есен Тоқмурзин, Синап Алданаев пен Бақытжан Тлепов пен Ерлан Мұстафиндерге қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғандары үшін келген залалды төлетуге құқықтары бар,-деді судья Ербол Әбдіқалықов.
    “Gas Impex” ЖШС –нің өкілі Камилл Төлегенов экономикалық контрабанда үшін айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сотта оның Ақтөбе облысындағы сұйытылған газды Тәжікстан мен Ауғанстанға сатпағаны анықталды. Бұған қоса ол мемлекетке 195 миллион теңге материалдық шығын төлеуі тиіс. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғызда киік атқан қорықшылар сотталды
  • Ақтөбеде неге газ жоқ?!
  • Байғанинде заңсыз киік атқандар сотталды
  • Ақтөбелік экс-депутат Мейіржан Өндіргенов 4 жылға сотталды
  • “Айғақ заттарды жоғалтқан” тергеуші ақталып шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге