Ақтөбеде дәрігерлердің басы тағы да дауға қалды

    Ақтөбеде медициналық мекеме дәрігерлерді сотқа берді. Мемлекеттік кәсіпорын өз қызметкерлерінен 1 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды.

    Бұл оқиға 2016 жылы басталған еді. Ақтөбелік Сәбина Әлиқұлова перзентханада сәбиінен айрылып қалды. Шақалақ дүниеге келген сәтте тірі болған, алайда көп ұзамай шетінеп кетеді. 23 жастағы келіншек бұған дер кезінде кесір тілігін жасамаған дәрігерлерді айыптаған еді. Өйткені нәресте іштен кеткен қанға тұншығып қалған. 37 апталық жүктілікпен ауруханаға түскен келіншекке шұғыл ота жасалғанмен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмапты. Осы оқиғадан кейін Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті тексеру жүргізген. Тексеруші орган сәби өліміне медициналық қызметкерлердің салғырттығы себеп болғанын анықтаған. Ал сот келіншекке 1 млн теңге моральдық шығын мен 100 мың теңге өкілдік шығынды өндіру туралы шешім шығарған еді. Жұмыс беруші өздеріне келген шығынды дәрігерлерден талап етті. Ақтөбеге танымал акушер-гинеколог Владимир Авраменко бастаған бес дәрігер сот алдында жауап берді. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханада ұрықты тексеруге арналған кардиотокография құрылғысы мен УЗИ аппараты жоқ. Құрал-жабдықтар әбден ескірген. Сол себепті олар әйелге дұрыс диагноз қоя алмаған көрінеді. Сотта Владимир Авраменконың оқиға кезінде демалыста болғаны анықталды. Ол Орынборда өзіне ота жасатып, оралған екен. Наркоздан кейін 48 сағаттан соң тәжірибелі дәрігер ауруханаға келіп, әйелдің өмірін құтқарып, бала сүюге қабілетін сақтап қалған. Сотта әріптестері оның әрекетін ерлік деп бағалады. Судья Жұлдыз Биманова ауруханаға келген шығынды әкімшілік сөгіс жариялаған үш акушер-гинекологтан өндіруге шешім қабылдады. Олардың арасында Владимир Авраменко болған жоқ. Алайда сапасыз құрал-жабдықтармен бала босандыруға мәжбүр дәрігерлер сот шешімімен келіспейді. Айта кетелік, биыл ақпан айында Ақтөбеде ана өлімі тіркелген. 28 жастағы келіншек бала үстінде қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты перзентхананың босану бөлімінің басшысы жұмысынан босатылып, қызметі төмендеген еді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік қызының өлімі үшін 20 млн теңге талап етуде
  • Ақтөбелік дәрігерлер сәбидің өлімі үшін жауап берді
  • Ақтөбелік ана сәбиінің өлімі үшін өтемақы өндірді
  • Ақтөбелік келіншек дәрігерлерді сотқа бермек
  • Ақтөбелік тұрғын дәрігерлерден 10 миллион теңге талап етуде
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге