Ақтөбеде бала ұрған тәрбиешінің ісі сотта қаралмақ

    Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы Жайсаң мектеп-интернатында тәрбиеленушіні ұрып-соққан оқытушының ісі сотқа жетті. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

    Оқиға 15 ақпанда болған. Мекеме тәрбиешісі 15 жастағы балаға ішкі тәртіпті бұзғаны үшін қол жұмсаған. Прокуратураның мәліметінше, жәбірленуші бұл оқиғаға дейін мектеп-интернаттың өзге тәрбиеленушісімен шекісіп қалған екен.
    -21 ақпанда құқық қорғаушы Алима Абдирова Жайсан арнайы білім беру мекемесінде балаларға қатал, қатыгездік қарым-қатынас жасалғаны туралы прокуратураға шағым түсірді. Бұл дерек бойынша Мәртөк АІІБ Қылмыстық Кодекстің 140-бабының 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу кезінде дене жарақатын салуға тәрбиеленушінің ішкі күн тәртібі ережелерін бұзғандығы себеп болғаны (өзге тәрбиеленушімен араздасуы)анықталды. Тергеп-тексеру облыс прокуратурасының бақылауында болды,-деп хабарлады құзырлы органнан.
    Қазір бұл іс бойынша Мәртөк ауданы Жайсан селосының 27 жастағы тұрғыны күдікті деп танылған. Қылмыстық іс 1 наурыз күні облыстық кәмелетке толмағандар ісі бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде мектеп-интернат тәрбиеленушісі соққыға жығылды
  • Мәртөкте заңсыз діни лагерь ашқандар сотқа тартылмақ
  • Ақтөбеде колония қызметкерлері сотталушыны азаптаған
  • Қылмыстық топтың мүшесі адамдарды құлдықта ұстаған
  • Оқушыға азғындық жасаған мұғалімнің ісі сотқа жетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге