Ақтөбеде оққа ұшқан күзетшінің туыстары өзін-өзі өлтірді дегенге сенбейді

    Ақтөбеде “өзін-өзі атты” делінген күзет кісі қолынан қаза табуы мүмкін. Марқұмның туыстары Байбек Қарымсақовтың бұрынғы басшыларының айтқан уәжімен келіспейді. Құқық қорғаушының қызметіне жүгінген олар өлімнің нақты себебін анықтауға кіріскен.

    Ақтөбе қаласы әкімдігінің ғимаратын күзеткен Байбек Қарымсақов 8 қаңтар күні қайтыс болған еді. Ресми дерек бойынша, Ақтөбе облыстық мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері жұмыс уақытында өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан. Екі баланың әкесі жұмыс уақытында өз басынан тапаншамен атқан. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда Қазақстан Республикасы Президенттігіне экс-үміткер, құқық қорғаушы Сәлім Өтен мұнымен келіспейді. Астанадан келген ол марқұмның өлімінің себебін анықтауға кіріскен. Ол қылмыстық істің тыңғылықты тергеліп, айыптылардың анықталғанын қалайды.
    -Атылған оқ бастың екінші жағынан шықты деген уәждері негізсіз. Өйткені ол тұрған бекетті түгелдей қарап шықтық. Ол жерден оқ кіріп-шыққан тесіктерді таппадық. Әрі оқиға болған жерде қара ағаш тұр. Егер оқ ұшса, міндетті түрде оған тиер еді не жанынан жанап өтер еді. Оның біреуі де жоқ. Бекетте қан ізі де жоқ. Егер ол өзін-өзі атса, еден де, ол отырған үстел де қан-жоса болуы керек еді. Сондықтан өзін-өзі атты дегендерімен келіспеймін. Қала әкімшілігінің жүргізушісі де Қарымсақовтың оқиға болардан бұрын мінез-құлқындағы өзгешелікті байқамағанын айтады. Ол марқұмның шылым шегіп, кері оралғанын айтты. Сол себепті облыстық ІІД аға тергеушісі Б. Жұмашевтың атына өтініш жаздық. Атылған оқты тауып, бекетке құрылыс сараптамасын жасатуды сұрап отырмыз. Бейнекамералар түсірген жазбаларды да сұрадық. Сондай-ақ әкімшіліктің жүргізушісінен куә ретінде жауап алынғанын қалаймыз,-дейді ол.
    Сәлім Өтенннің айтуынша, құзырлы органдар марқұмның өзіне қол жұмсағанын айтып, істі жылы жапқысы келеді. Өйткені осыдан кейін марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетілмеуі мүмкін. Ол оқиға бекетте емес, әкімдіктің ауласында болғанын айтады. Марқұмның жесірі мен балаларының құқығын қорғауға кіріскен құқық қорғаушы Байбек Қарымсақовтың кісі қолынан қаза тапқанына сенімді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әкімдікте қайтыс болған күзетшінің келіншегі күйеуін біреулер өлтіргенін айтты
  • Ақтөбеде күзет қызметкері әкімдік ғимаратында атылып қалды
  • Ақтөбеде қарыз үшін дауласқан екі дос қарумен атысты
  • Ақтөбелік әйел марқұмның әуретті жерін кесіп алмақ болған
  • Автобус жүргізушісі 2 баланың анасын қағып өлтірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге