Ақтөбеде мектеп оқушысын туысы зорлап келген

    Жыныстық зорлықтың құрбаны болған қыз бала бірнеше рет мектепке бармай қалған. Алайда мұғалімдер сынып журналына оның сабақта болмағанын белгілемеген көрінеді. Мұнымен қоймай, кейбір пәндерден баға да қойған.

    Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 31 жастағы Юрий В. үкім шықты. Сот материалдарына қарағанда, ер адам 2016-2017 жылдары Мәртөк ауданындағы ауылдардың бірінде жасөспірім қызға бірнеше рет зорлық –зомбылық көрсеткен. Жәбір көрген 9-сынып оқушысы бірнеше рет сабаққа бармай қалған. Алайда мұғалімдер оған көз жұма қарап, оның мектепке келмеу себебін анықтамаған болып шықты.
    -Сот процесі жабық өтті. Басты сот талқылауы кезінде оқушының сабаққа қатыспау себебін анықтау үшін Мәртөк ауданындағы ауыл мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы 9 сынып журналы тексерілді. Жәбірленушінің айтуынша, ол 2016 жылы қыркүйек айының ортасында, аяғында, 2017 жылдың 21 сәуірінде сабаққа қатыспаған. Алайда журналды тексеру кезінде баланың сабақта болмаған уақыты белгіленбегені анықталды.Оқушы оқуда болмаса да кейбір пәндерден баға қойылған. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығына сәйкес, класс жетекшісі сабаққа қатыспаған балаларды белгілеп, оның оқудан қалу себебін анықтауы тиіс. Сондай-ақ Білім және ғылым министрінің м.а. 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 425 бұйрығы қосымшасына сәйкес, оқушылардың оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуын есепке алу қажет. Алайда мектеп мұғалімдерінің бұл бұйрықтың талаптарын орындамағаны немесе өрескел бұзғандығы анықталды. Сондықтан облыстық білім басқармасының атына жеке қаулы шығарылды. Мектеп мұғалімдерінің әрекетінің заңдылығы анықталып, алдағы уақытта қайталамау үшін шара қолдану сұралады,-деді судья К. Мырзабеков.
    Белгілі болғандай, жәбірленуші педофилдің әйелінің сіңлісі болып келеді. Тергеу органдары 31 жастағы отбасылы ер адамға ҚР Қылмыстық Кодексінің 120 бабының 3 бөлігі бойынша айып тақты. Сот оны кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Юрий В. жазасын қауіптілігі жоғары түзету мекемесінде өтейді. Бұған қоса ол жәбірленушінің анасына 1 млн теңге моральдық және 150 мың теңге материалдық шығынды төлеуі тиіс. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған педофил сотталды
  • Ақтөбелік оқушыны интернет арқылы танысқан жігіт зорлап тастады
  • Кішкентай қызды 6 жыл бойы зорлаған педофил сотталды
  • Өгей қызын зорлаған педофил 17 жылға түрмеге қамалды
  • Ақтөбеде өгей қызын зорлаған педофил сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге