“Төрт ағайынды ісі”: Сотталушылардың бірі жауап беруден бас тартты

    Ақтөбе сотында “Төрт ағайынды” қылмыстық тобына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында сотталушылардың бірі Қартжан Қалдымұрат жауап беруден бас тартты.

    Бұған дейін сот жабық қаралып, жасырын куәгерлерден жауап алынған еді. Енді сотталушылардан рет-ретімен жауап алынып жатыр. Бастапқыда сотта қару ұстау, адам ұрлау, мұнай ұрлығы,рейдерлік жолмен кәсіпті тартып алу бойынша жауап берген Қартжан Қалдымұрат кейін жауап беруден бас тартты.
    -Маған Еркін Ізбасар, Аухат Қалиев ешқандай тапсырма берген жоқ. Осыған дейін жасырын куәлардан жауап алынды. Бірақ олардың жауабы шындыққа сай келмейді. Мектепте, жас кезімде спортпен айналыстым. Еркінді жарыста көрдім. Алайда бұл менің қылмыстық топқа мүше екенімді білдірмейді. Бір псевдоним ақшаны маған беріп, Еркін Ізбасарға жеткізді деді. Алайда мұнысы шындыққа жанаспайды. Ол өтірік. Сотқа дейінгі берген жауабымнан бас тартамын. Себебі, тергеу тобы мені мәжбүрледі. Отбасыммен қорқытты. Менің құқығым бұзылды. Бір ай бойы жанымда қорғаушы болмады. 2017 жылдың 4 қаңтарында ұсталдым, содан бері қамауда отырмын. Тек ақпан айында апам келіп, кездесті. Кейін қорғаушы тағайындалды. «Қылмыстық топ мүшесі, қару-жарақ сақтады» деген тағылған айыппен келіспеймін. Осы жерден жауап бермеймін, бас тартамын,- деді Қалдымұрат Қартжан.
    Осыдан кейін Қартжан Қалдымұрат сотталушы Біржан Аманқұлов, Нұрлан Ноғаев, Болатбек Бекетовтің қорғаушыларына да жауап бермеді. Тіпті прокурор мен судьяның сұрақтары жауапсыз қалды.

    “Төрт ағайынды ісі”: Еркін Ізбасардың ресейлік “Заңдағы ұрыларға” қандай қатысы бар?
    Cот отырысы кезінде прокурор Қалдымұрат Қартжанның сот алды тергеу кезіндегі жауабын да оқыды. Онда “Төрт ағайынды” қылмыстық тобының серкесі Еркін Ізбасардың ресейлік “Заңдағы ұрылармен” таныс болғаны туралы да айтылған.
    Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталған сотталушы Қартжан Қалдымұрат осыған дейін өзіне тергеу изоляторында қысым көрсетіліп, берген түсініктемесінен бас тартқан еді. Прокурор Айбек Шоқпаров оның “тергеу кезiнде жауабы мен соттағы cөзі екі бөлек” болғанын айтты. Қалдымұрат Қартжан сот алды тергеуі кезінде берген жауабында қылмыстық топ мүшелерімен студент кезінде танысқандығын айтқан.
    - Жоғары оқу орнында денешынықтыру және спорт факультетінде оқыдым. Үшінші курста емтихан тапсыра алмай, сабақтан шығып кеттім. 2001 жылы тарих факультетінде оқитын Нұрлан Ахметов арқылы Қадыржан Пангерейұлымен, соңыра Қайыржан Батыровпен таныстым. Олардың “Төрт ағайынды” тобының мүшесі, Еркін Ізбасардың жігіті дегендерін естідім. Олар мені інішектері ретінде өздерімен бірге алып жүрді. Студент болғандықтан, олардың тапсырмаларын орындап жүрдік. “Барып кел”, “алып кел” жұмыстарды жасадық. Азын-аулақ ақша да беріп тұрды. Қылмыс жасаған жоқпыз.Тек студенттердің телефондары мен шәкіртақыларын тартып алдық. Шалқар мен Байдан ауданы балаларының арасында болған түрлі “разборкаларға” қатысып, түсініспеушілікті шешіп жүрдік, -дейді ол.
    Қалдымұрат Қартжан Еркін Ізбасармен жақын араласпағанын айтады. Оның сотқа дейінгі берген жауабында ресейлік, қазақстандық қылмыстық топтардың басшыларының аты аталды.
    -Еркін Ізбасар құпиялылықты қатаң сақтайтын. Өзіне көп адамды жақындатпайтын. Тек өзінің жақын адамдарымен сөйлесіп, соларға ғана бұйрық беретін. Мен өзімді Ізбасардың адамымын деп санадым. Алайда ол мені ешқашан шақырып, жақын сөйлескен емес. Ұмытпасам, 2005-2006 жылдары сәуір айында Еркін Ізбасардың туған күні болды. Оған Талғат Атабаев-Атаба, Мәулен Мамыров деген күресші, Оралдан Мұхтар Хамзин, сонымен бірге Нұрлан мен Мұрат т.б әншілер қатысты. Біз жігіттермен сыртта жүрдік. Қара Қайратпен де таныс болды,екеуінің арасында кикілжің болмайтын. Еркін Ізбасардың Ресейлік “Вор в законе”тұлғаларымен де араласатынын білемін. Мәскеуге жиі баратын. Оның 2011-2012 жылдары Дед Хасан, Тимоха есімді тұлғалармен бірге тойда болғандығын естідім,-делінген оның сотқа дейінгі берген жауабында.
    Алайда қазір ол тергеу кезінде өзіне қысым жасалғанын айтып, берген түсініктемелерінен үзілді-кесілді бас тартуда. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, кейін тоқтатылған.

    “Төрт ағайынды ісі”: Еркін Ізбасар жасырын куәгерлермен кездесуді сұрады
    “Төрт ағайынды” қылмыстық тобын құрып, басқарғаны үшін айыпталған Еркін Ізбасар соттан жасырын куәгерлермен жүзбе-жүз кездесуді сұрады. Ол бүркеншік атпен жауап бергендердің кім екені белгілі екенін айтып, ашық сөйлесуге шақырды.
    -Жасырын адамдармен сотта ашық сөйлесейік. Біз бір-бірімізді танимыз, жасырудың қажеті жоқ. Сұрақты басынан бастап қояйық. Спектакль болып кетті ғой,- деді ол.
    Естеріңізге сала кетелік, қазір Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында “Төрт ағайынды” қылмыстық тобының ісі қаралып жатыр. 26 адамға мұнай ұрлығынан басқа бірнеше қылмысқа қатысы бар деген айып тағылып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ағайынды төртеудің ”бірі түрмеде аштық жариялады
  • “Ағайынды төртеудің” ісі: Сотталушы; “ҰҚК қызметкерлері басымды жарды”
  • “Ағайынды төртеудің” ісі: Судья Еркін Ізбасарға ұйықтағаны үшін ескерту жасады
  • Мұнай ұрлығына қатысты алдын ала сот тыңдауы белгіленді
  • Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты алдын ала сот тыңдауы белгіленді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге