Ақтөбеде бала ұрған тәрбиеші қоғамдық жұмысқа жегілді

    Ақтөбе облысында ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушісін ұрып-соққан ер адамға сот үкімі шықты. Ол 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

    Естеріңізге сала кетелік, бұл оқиға биыл ақпан айында болған. Тәрбиеші 15 жастағы баланы ішкі тәртіпті бұзғаны үшін ұрған. Бұған дейін жәбірленуші Жайсаңдағы арнаулы мектеп-интернаттың өзге тәрбиеленушісімен шекісіп қалған екен. “Балаға қатігездік танытты” делінген тәрбиеші жұмыстан шығарылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол Мәртөк ауданы Жайсан селосының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Қылмыстық іс нау-рыз айында облыстық кәмелетке толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Кейін Мәртөк аудандық сотында қаралды. Сот үкімімен тәрбиеші Қылмыстық Кодекстің 140-бабының 2-бөлігі бойынша(кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау)кінәлі деп танылды. Ол 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылып, үш жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айрылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде бала ұрған тәрбиешінің ісі сотта қаралмақ
  • Ақтөбеде мектеп-интернат тәрбиеленушісі соққыға жығылды
  • Ақтөбе облысында қызын сабаған ана қоғамдық жұмысқа жегілді
  • Семейде 17 жыл бойы интернат балаларын зорлағаны үшін сотталған педофил тәрбиеші өлі табылды
  • Мәртөкте бас есепші сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге