Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

    Олар Қызылорда қаласынан Ақтөбеге марихуана жеткізген. Бұл жөнінде облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

    Облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірге есірткі таратқан қылмыстық топты қолға түсірді. Полицияның мәліметінше, олар ұзақ уақыт бойы Ақтөбе, Қызылорда облыс-тары аумағында аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтап, тасымалдап, таратумен айналысқан. Қылмыстық топты 46 жастағы ақтөбелік басқарған. Марихуананы облыс пен қала аумағында тұратын 55 нашақор сатып алып, пайдаланған болып шықты.
    Тінту кезінде қылмыстық топтан құны 24 млн. тенге болатын 60 келіден астам есірткі тәркіленді. Сондай-ақ тергеу амалдары барысында қылмыстық топтың есірткі сатудан түскен кірістен құны 28 млн. тенгеден асатын жылжитын және жылжымалы мүліктер сатып алғаны мәлім болды.
    Қазір бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілерге ҚР Қылмыстық Кодексінің 262 бабының 1, 2-ші бөліктерімен (Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару), 297 бабының 4-ші бөлігімен (есірткі заттарын заңсыз дайындау, тасымалдау және сату) және 218-ші бабы (қылмыстық жолмен алынған мүлікті жекешелендіру) бойынша айып тағылуда.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жұмыссыз ақтөбеліктен бір келіден аса марихуана табылды
  • Ақтөбеде жұмыссыз жігіттер есірткі сатқан
  • Ақтөбе арқылы есірткі алып өтпек болғандар ұсталды
  • Пойызда есірткі тасымалдаған ақтаулық ұсталды
  • Ақтөбеде есірткі сатқан күдіктінің соты басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге