Жеке балабақшаларға 40 млн теңге заңсыз аударылған

    Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Рустам Әлжанов орындалмаған жұмыс үшін балабақшаларға заңсыз ақша аударған. Келген шығын 40 млн теңгеден асады. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Әдеп кеңесінің кезекті отырысында Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Рустам Әлжановқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Ақтөбе қаласының прокуроры Альбина Асқарованың айтуынша, тексеру кезінде мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне 40 млн теңгені заңсыз аударылғаны белгілі болған.
    - Тексеру кезінде жеке бала-бақша-ларға артық-шылық беріліп, бюджет қаржысының заңсыз аударылғаны анықталды. Мәселен, 2017 жылдың 5 қаңтарында қалалық білім бөлімі “Растишка” ЖШС қызмет көрсету жөнінде келісімшартқа отырған. Балабақшаға 711 бала барған. Алайда қалалық білім бөлімі 804 бала үшін, яғни 15 млн теңгеден астам қаражат аударады. Мемлекеттік мекеме 1,7 млн теңгені артық аударған. Тексеру кезінде орындалмаған жұмыс үшін төлем жасалғаны анықталып отыр. “Қызғалдақ” ЖШС-не артық ақша аударылған. Мемлекеттік мекеме 2017 жылдың 1 наурызында “Сан-Бөбек” ЖШС-мен келісімшартқа отырған. Бұл балабақшаға да 2,8 млн теңгенің заңсыз аударылғаны анықталды. Сондай-ақ “Мирсел” ЖШС-не қарасты “Медина” балабақшасының өз жұмысын тоқтатқанына қарамастан, оған заңсыз қаржы аударылған. Жалпы келген шығын 40 млн теңгеден асады. Бұл дерекке қатысты қазір қылмыстық іс қозғалды,-дейді прокурор.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының басшысы Қайрат Сүнтаевтың сөзінше, қазір бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
    -Қазір іс бойынша қажетті қаржы, аудит сараптамалары жүргізіліп жатыр.Прокуратура берген мәліметтер расталып отыр,-деді ол. Әдеп кеңесінің мүшелері қылмыстық іс бо-йынша күдікке ілінген Рустам Әлжановты да тыңдады. Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары бұл қызметке 2017 жылдың тамыз айында келгенін, алайда барлық құжатқа өзі қол қойғанын айтты.
    -Бұл бюджет қаражатын дұрыс жоспар-ламаудың салдарынан болып отыр. 2017 жылдың қаңта-рында балабақшалармен 10 айға келісімшарт жасалды. Алайда жыл соңында ақша жетпей қалды. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айында өткен жылдың қараша, желтоқсан айларына ақша төлеу керек болды. Біз алдымен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне жалақы төлеуге шешім қабылдадық. Сол кезде бюджет қаржысын бөлу процедурасы бұзылды. Ал “Мирсел” балабақшасы өз жұмысын 2017 жылдың қазан айында тоқтатты. Біз мұны тек биыл ақпан айында ғана білдік, хат келген жоқ,-деді ол.
    ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің аймақтық әдеп кеңесі Рустам Әлжановты қызметіне толық сай емес деген шешім қабылдады. Әдеп кеңесінің мүшесі Қайрат Сүнтаев Рустам Әлжановтың тергеу кезінде қоластындағыларға қысым көрсетіп жатқандығын айтты. Егер бұл дерек дәлелденсе, жұмыстан кететіндігі жөнінде ескерту жасады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Балабақша тәрбиешілері үш ай жалақы алмаған
  • Мұнай сатқан ақтөбелік полицейге қатысты жаңа деректер анықталды
  • Мұғалжарда оқушылардың ыстық тамағы ата–аналарға таратылған
  • Ақтөбеде балабақша басшылары ата-аналардан заңсыз ақша жинаған
  • Білім саласын жемқорлық жайлап кеткен
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге