Ақтөбеде бұрынғы қаржы полицейі айыппұл төлемегені үшін жазаланды

    Қаржы полициясының бұрынғы қызметкеріне осыдан он жыл бұрын 233 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Алайда ол сот үкімінде жіберілген қателіктің салдарынан әлі күнге дейін төлем жасай алмай жүр.

    Белгілі болғандай, сотталушы Тұманбай Келбетов Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясы департаментiнiң Мұғалжар аймағы бойынша инспекторы болып жұмыс істеген. Ол 2008 жылы жалған құжатты пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Өйткені оның еңбекке жарамсыздық парағына 1971 жылы туды деп жазған. Алайда ол шындығында 1976 жылы дүниеге келген. Осыдан кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа жеткен. Судья Разия Ахметова оны жалған құжат жасағаны үшін айыпты деп табады. Оған 200 АЕК көлемінде, яғни 233 мың 600 теңге көлемінде айыппұл салады. Алайда бұл жолы да қателік кетеді. Дәл осы уақытта сотта Тұманбай Келбетовпен аттас,бірақ туған жылы басқа тағы бір азаматтың ісі қаралып жатады. Судья 1976 жылы туған Тұманбай Келбетовтi 1982 жылы туған Келбетов деп көрсетеді. Осыдан кейін қаржы полициясының бұрынғы қызметкері сотқа шағым түсіреді. Алайда судья оның туған жылын өзгерткенмен, туған күні мен айын дұрыс жазбаған көрінеді. Тұманбай Келбетовтің айтуынша, ол осы қателіктің кесірінен сот салған айыппұлды әлі күнге дейін төлей алмай келеді. Өйткені оның жеке куәлігінде басқа мәлімет көрсетілген. Сол уақыттан бері қаржы полицейі Жоғары сот пен Прокуратураға шағым айтып, хат жазған. Алайда олар үкімнің заңды және дұрыс екендігін айтыпты.
    №2 Ақтөбе қаласының судьясы Ерлан Бақытжан Тұманбай Келбетовті айыппұл төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот үкіміне сәйкес, ол енді 50 тәулік бойы қамауда болмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік келіншек жалған дипломмен әкімдікте жұмыс істеген
  • Ақтөбенің ең сұлу жол полицейі қызметінен айрылды
  • Оқытушылар ақталып шықты
  • Мектеп директоры 30 млн теңге айыппұл төлейді
  • Жалған жауап берген студент жазаланды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге