Полициядағылар “құлдықтың құрбаны” болған азамат туралы мәлімдеме жасады

    Ақтөбе облысы Темір ауданының полицейлері жәбірленушінің еңбек құлдығында болғаны туралы мәліметті тексеріп жатыр. Бұл жөнінде ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

    Естеріңізге сала кетелік, осыған дейін ақтөбелік Жанкелді Мыржақыпов өзінің бір жылға жуық құлдықта болғанын айтып, шағымданған еді. Айтуынша, ол Темір ауданы Кеңқияқ елдімекеніндегі шаруа қожалықтарының бірінде “еркінен тыс жұмыс істеген”. Кәсіпкер оны ұрып-соғып, қабырғасын сындырған. Жалақысын да бермеген көрінеді. Ал жәбірленушінің туыстары жақындарын соққыға жыққан кәсіпкердің жазасыз қалуынан қауіптенген еді. Өйткені әлі күнге дейін бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалмаған көрінеді. Алайда шаруа қожалығының басшысы бұл айыптауды жоққа шығарған еді.Ол 48 жастағы азаматты ешкім күштеп ұстамағанын, өз еркімен жұмыс істегенін айтқан болатын. ІІД-нің баспасөз қызметі мәліметінше, Жанкелді Мыржақыповтың арызы бойынша аудандық ішкі істер бөлімінде сот алды өндірісі басталған. Қазір жәбірленушінің еңбек құлдығында болғаны туралы мәлімет тексеріліп жатыр. Полицейлер тергеу құпиясына сілтеп, бұдан әрі мәлімет беруден бас тартты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жоғалған азамат бір жылға жуық құлдықта болғанын айтты
  • Ақтөбелік бақташылар қожалықтарды тонаған
  • Қылмыстық топтың мүшесі адамдарды құлдықта ұстаған
  • Облыстың екі тұрғыны жарты жыл құлдықта болған
  • Алты жыл құлдықта болғаны үшін 500 мың теңге алды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге