Ақтөбеде “газ ісі” бойынша ақталғандардың кейбірі түрмеге қамалды

    Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығына қатысты ақталғандардың ісі қайта қаралды. Облыстық апелляциялық сот сотталушыларды экономикалық контрабанда үшін айыпты деп тауып, әр түрлі жаза кесті.

    Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін тергеу органдары “Gold Steps” ЖШС-нің директоры Берік Есеновті, компанияның коммерциялық директоры Арман Сыздықовты, “Gas Impex” ЖШС –нің өкілі Камилл Төлегеновті экономикалық контрабандаға қатысы бар деп айыптаған еді. Олардың пайымдауынша, Ақтөбе облысына тиесілі әлеуметтік газ Ауғанстан мен Тәжікстанға заңсыз сатылып, соның салдарынан газ тапшылығы болған.Сондай-ақ құжатсыз мұнай тасымалдаған жүргізушілер де күдікке ілінген. Барлығы 8 адамға айып тағылған. Осыдан екі ай бұрын оның жетеуі сот үкімімен ақталып шыққан еді. Бірақ көлік прокурорлары мұнымен келіспей, апелляциялық сотқа шағым түсірді. Осыдан соң ақталғандардың туыстары да өз наразылықтарын білдірген.

    -№ 2 Ақтөбе қалалық сотының 5 наурыздағы үкіміне сәйкес, Камилл Төлегеновке ҚР Қылмыстық Кодексінің 234-бабының, 2-бөлімі (экономикалық контрабанда)бо-йынша 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ал Берік Есенов пен Арман Сыздықов бұл бап бойынша кінәсіз деп танылды. Олар қылмысқа қатыстылығы дәлелденбегендіктен ақтау үкімі шығарылды. Бұған қоса ҚР Қылмыстық кодексінің 197 бабының 3,4 бөлімдері (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiн шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау) бойынша айып тағылған Арман Сыздықов, Елдос Мұханбетжан, Есен Тоқмурзин, Синап Алданаев пен Бақытжан Тлепов пен Ерлан Мұстафиндерге ақтау үкімі шығарылды. Алайда облыстық сот алқасы шығарылған үкімге қайтадан өзгеріс енгізді. Өйткені сот кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзған, іс біржақты және жартылай қаралған,-деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

    Сот үкіміне сәйкес, “Gold Steps” компаниясының коммерциялық директоры Арман Сыздықов 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ ол мемлекетке 6 млн теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс. Ал компания директоры Берік Есеновтің автокөлігі тәркіленді. Сондай-ақ оның бір жылға жуық тергеу изоляторында отырғаны ескеріліп, оған 1500 айлық есептік көрсеткішке тең (3 607 500 теңге) айыппұл салынды. Сот Елдос Мұханбетжан, Есен Тоқмурзин, Синап Алданаев пен Бақытжан Тлеповтердің әрқайсысына үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ Ерлан Мұстафинге 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Облыстық сот үкімнің тек Камилл Төлегеновке қатысты тұсын өзгеріссіз қалдырды. № 2 Ақтөбе қалалық соты кәсіпкерге 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған еді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде “газ ісі” бойынша ақталғандардың туыстары шу шығарды
  • Газ тапшылығына қатысты айыпталғандар ақталып шықты
  • Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты тағы екі адам қамауға алынды
  • Ақтөбеде теракт үшін айыпталған 19 адамның жазасы жеңілдеді
  • Байғанинде заңсыз киік атқандар сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге