Ақтөбеде әріптесін атып өлтірген банк қызметкері сотталды

    Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 40 жастағы Асқар Талаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 9 жылға бас бостандығынан айрылды.

    “Ресей жинақ банкінің” заңгері әріптесін аңшы мылтығымен атып өлтіргені үшін айыпталған еді. Оқиға 6 ақпанда болған. Сот материалдарына қарағанда, сотталушы мен марқұм Нұрлан Қимағамбетов “Ресей Жинақ банкі” АҚ ЕБ Ақтөбе қаласындағы филиалында бірге жұмыс істеген. Сол күні олар Талаевтың үйінде қонақта болады. Соңыра бірлесе ішімдік ішкен екеу өзара сөзге келіп қалады. Жанжалдың шығуына Қимағамбетовтің үйіне қайтқысы келмеуі себеп болған. Ақыры сотталушы марқұмды далаға күшпен шығарып, есікті жауып алады. Ал Қимағамбетов есікті қағып, ашуын сұрайды. Сол кезде ашуға булыққан сотталушы оны атып салады. Осыдан кейін сотталушы жұмыстасына көмектеспек болады. Жедел жәрдем көлігін де шақырады. Бірақ оқ тиген Нұрлан Қимағамбетов аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болады. Сот отырысы кезінде ол қылмыс жасағанын мойындаған жоқ. Айтуынша, жәбірленуші оның отбасына, балаларына қауіп төндірген. Оқиға болған кезде дала қараңғы болғандықтан, ол торлы терезені ашпақ болған. Сол кезде қару металл құрастырылымға тиіп, кенеттен атылып кеткен көрінеді. Ол өзіне тағылған қасақана адам өлтіру айыбымен келіспейтінін айтты. Қылмыстық істі ҚР Қылмыстық Кодексінің "Байқаусызда адам өлтіріп алу" бабы бойынша қарауды сұрады. Алайда судья Алтынбек Сабыров оның бұл сөзін жазасын жеңілдету үшін жасаған әрекеті деп таныды.
    - Қорғаушылардың сотталушының қасақана адам өлтірмегендігі жөнінде келтірген дәйектері негізсіз деп саналады. Сотқа дейінгі тергеу кезінде Талаев әйелі алып кеткен қаруды қайтадан қолына алғаны анықталды. Бұл кезде Қимағамбетов оған да, өзгелерге де еш қауіп төндірмеген. Ол есіктің сыртында болған.Соған қарамастан сотталушы жәбірленушіні өте жақын жерден атқан. Бар-жоғы 1-3 метр жерден атылған оқ оның кеудесі мен қарын тұсына тиген. Сот-баллистикалық сараптама кезінде мылтықтың техникалық ақауы болғаны анықталды.Бірақ ол қарумен атуға еш кедергі келтірмейді. Сотталушының әрекеті ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабының 1 бөлігімен дұрыс дәрежеленген,-деді судья Сабыров.
    15 мамыр күні сотталушы Асқар Талаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол әріптесін өлтіргені үшін айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Жазасын қауіптілігі жоғары түзету мекемесінде өтейді.Бұған қоса сот сотталушының артында қалған жесіріне 756 мың теңге материалдық шығын мен 3 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге шешім шығарды. Сотталушы бұл қаржыны бір айдың ішінде төлеуі тиіс. Айта кетелік, марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды.
    -Оған 20 жыл берсе де, ұлым енді қайтып келмейді?! –деді марқұмның анасы сот үкімінен кейін.
    Ал сотталушының адвокаттары сотқа қайта апелляциялық шағым түсірмек.Сот үкімі күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде банк қызметкері үйіне қайтқысы келмеген әріптесін атып өлтірді
  • Ақтөбелік тұрғын әйел зорламақ болғаны үшін сотталды
  • Ақтөбеде анасын өлтірген келіншек сотталып кетті
  • Ақтөбеде қарыз үшін дауласқан екі дос қарумен атысты
  • Танысын атып өлтірмек болған ембілік жігіт 8 жылға сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге