Адам өлтірген психикалық науқас мәжбүрлі түрде емделеді

    Ақтөбеде палаталас көршісін буындырып өлтірген психикалық науқас мәжбүрлі түрде емделеді. Сот жүйке аурулары интернат үйінің тұрғыны Марина Солдатоваға қатысты осындай шешім қабылдады.

    Естеріңізге сала кетелік, қылмыс биыл 29 қаңтарда болған. Ақтөбедегі жүйке аурулары интернат үйінде тұратын ақыл есі кем науқас өзімен бір палатада жататын көршісін буындырып өлтірген.
    -Науқас түнде ыңырсып, оған ұйқы бермеген. Осыны желеу еткен ол марқұмның үстіне отырып, жұдырығымен денесінің әр бөлігінен ұрғылай бастайды. Кейін оның аузына жөргекті тығады. Сол кезде көршісі тұншыға бастайды. Алайда Жазира С-ның өлмегенін көріп, марқұмды керуеттен құламау үшін байлап қойған орамалмен буындырып өлтіреді. Ол сол жерде қайтыс болған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, марқұмның өлімі механикалық асфиксия салдарынан болған, -деді сотта прокурор Дидар Әбубәкіров.
    Алғашында жүйке аурулары интернат үйінің қызметкерлері қылмысты жасырып қалмақ болыпты. Алайда марқұмның туыстары шу шығарып, полицияға хабар берген. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты психикалық науқасты қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлі емдеу тағайындады.
    -Сот Марина Солдатованы адам өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Алайда ол ақыл-есі кем болғандықтан, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Қылмыстық іс өндірістен тоқтатылсын. Оған жалпы режимдегі психиатрлық стационарда емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылсын,-деді судья Алтынбек Сабыров.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Психикалық науқас палатадағы көршісін ұйқы бермегені үшін өлтіріп тастады
  • Ақтөбеде әріптесін атып өлтірген банк қызметкері сотталды
  • Ақтөбеліктер жүйке ауруына шалдыққандармен бірге емделеді
  • Жұмыстасын буындырып өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
  • 43 жастағы жігіт ит етін бөліп жеген бөтелкелесін пышақтап өлтірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге