Ақтөбеде өгей ұлына азғындық жасаған әке сотталды

    Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының тұрғыны 13 жастағы мектеп оқушысына сексуалдық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған. Жәбірленуші оның өгей ұлы болып келеді.

    Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотында Қандығаш қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. 31 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 3-бөлігі бо-йынша ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер") айып тағылған. Сот отырысы зардап шегуші кәмелеттік жасқа толмағандықтан, жабық режимде өтті. Сот материалдарына қарағанда, педофил 2017 жылы өгей ұлына бірнеше рет тиісіп, оны зорламақ болған. 1 маусым күні судья Қиятбек Мырзабеков оны кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда сотталушының адвокаты Бауыржан Ерманов сот үкімімен келіспейді. Айтуынша, күйеуінің азғындық жасағаны жөнінде полицияға жәбірленушінің анасы шағымданған. Алайда сотқа дейінгі тергеу кезінде ол күйеуіне жала жапқанын айтыпты.
    -Жәбірленушінің анасы биыл ақпан айында күйеуіне жала жапқанын айтып, тергеу органдарына шағымданған. Алайда сотқа дейінгі тергеу кезінде баладан ешқандай жауап алынбады. Сот отырысы кезінде берген өтінішхат та қанағаттандырусыз қалдырылды. Тергеу органдары оның келтірген дәлелдерін жан-жақты тексеру керек еді. Ер бала 6 сыныпта оқиды. Одан педагогтың не психиатрдың қатысуымен жауап алуға болатын еді. Мұның бірі де болған жоқ. Процесс те айыптау тұрғысында өтті. Жәбірленуші мектептегі кей сабақтарға қатыспаған. Менің қорғауымдағы азамат баланы тәрбиелегісі келгенін айтып отыр. Мүмкін, ұрған да болар... Ал анасы қазір өз ісіне өкінеді. Бар ойы күйеуін жазалау болған, бірақ істің бұлай боларын білмегенін айтады,-дейді ол.
    Белгілі болғандай, сотталушы әйелінен 9 жас кіші екен.Олардың төрт баласы бар. Ал жәбірленуші әйелдің бірінші некесінен туған. Ер адам 26 желтоқсаннан бері қамауда отыр.
    -Маған жала жабылып отыр. Суретке түсірмеңіздер. Маған онсыз да ауыр, - деді сот отырысы кезінде сотталушы.
    Үкіммен келіспеген сотталушы мен оның адвокаты аппелияциялық шағым түсірмек. Бұдан бөлек сот облыстық адвокаттар алқасының атына жеке ұйғарым шығарды. Өйткені сотталушының қорғаушысы үш күн бойы сот отырысына келмей қойған. Сол себепті судья сот отырысын кейінге қалдыруға мәжбүр болыпты. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер кішкентай балаларға азғындық жасау үшін ішімдік ішкізген
  • Кішкентай қызды 6 жыл бойы зорлаған педофил сотталды
  • Өзбекстан азаматы педофил деп айыпталды
  • Алғалық тұрғын үш жыл бойы өгей қызын зорлаған
  • Оқушыға азғындық жасаған мұғалімнің ісі сотқа жетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге