Алға ауданында мас тұрғын әкімнің көлігін айдап кетті

    Ақтөбе облысының Алға ауданында ішімдік ішкен ауыл тұрғыны әкімге тиесілі автокөлікті айдап кеткен. Ер адам бұған дейін көлік басқару құқығынан айрылған болып шықты.

    Сот материалдарына қарағанда, ауыл тұрғыны Талғат Жұмағали Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық әкімдігі аппаратына тиесілі көлікті 14 мамыр күні айдап әкеткен. Оның қылмыс жасаған кезде ішімдік ішкені анықталды. Сот отырысы кезінде 57 жастағы ер адам қылмысын мойындап, әкімнің Уаз маркалы автокөлікті жөндеуге әкелгенін айтты. Сол күні ол бір бөтелке ішімдік ішіп, автокөлікті дүкенге айдап кеткен. Жолда оны полиция қызметкерлері тоқтатып, құжаттарын сұрайды. Алайда сотталушы 2016 жылы жүргізуші куәлігінен айрылған болып шықты. Сот отырысы кезінде Қарабұлақ ауылының әкімі Е. Құспанов қызметтік көлігін ауыл тұрғынына жөндеуге бергенін айтты. Оқиға болған кезде өзі Ақтөбеде біліктілікті арттыру курсында болған. Алайда ол ауылдасына ешқандай талап қоймады, азаматтық шағым түсірмеді.
    Сот Талғат Жұмағалиді Қылмыстық Кодекстің “Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру” және “Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу” баптары бо-йынша кінәлі деп тапты. Алға аудандық сотының судьясы
    Г. Өкшебаев оған 2 жыл 3 айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ сотталушыны 3 жыл 3 айға көлік жүргізу құқығынан айыруға үкім шығарды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Клиентінің қымбат көлігін сатқан ақтөбелік жігіт сотталып кетті

  • Ақтөбеде ішіп алып көлік жүргізетіндер көбейген
  • Мас күйінде көлік жүргізген азаматтың жүргізуші куәлігі де болмаған
  • Клиентінің автокөлігін айдап әкеткен көлік жуушы жазаланды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге