Ақтөбеде автобус жүргізушісін пышақтаған күдікті сотталып кетті

    Ақтөбеде қоғамдық көліктің 30 жастағы жүргізушісі пышақ жарақатын алып, кондуктор соққыға жығылды. Қылмыстық кодекстің “Бұзақылық” бабы бойынша айып тағылған ер адамның ісі сотта қаралды.

    Оқиға 17 мамыр күні кешкілік болған. Мемлекеттік айыптаушы Асылхан Сәрсенбаевтың айтуынша, ішімдік ішкен ер адам №26 бағыттағы автобусқа отырады. Соңыра қоғамдық көліктегі жолаушыларға тиісіп, мазаларын алады. Сол кезде жүргізуші мен кондуктор оған ескерту жасап, көліктен түсуін сұраған. Алайда бұған ашуланған ер адам оларды далаға алып шыққан. Сөйтіп, Сазды аялдамасының тұсында жүргізушіні тергеу кезінде анықталмаған пышақпен кеуде тұсынан жарақаттаған. Сот медициналық сараптама қорытындысы бойынша,“Автопарк” ЖШС-нің 30 жастағы жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алған.Сотталушы кінәсін толықтай мойындады.Сондықтан қылмыстық іс сотта қысқартылған тәртіппен қаралды.
    -Сол күні 3-4 бөтелке сыра ішкен едім. Қоғамдық көлікке Автовокзал аялдамасында отырдым.Кейін жүргізушімен сөзге келіп, шекісіп қалдық. Ол менен көлік салонынан шығуымды сұрады. Көшеге шығып, оны қорқытқым келген. Бірақ пышақпен жарақаттап алдым. Оқиға кезінде қасымызда кондуктор да болды. Бәрі тез болғаны сонша, өзім де түсінбей қалдым.Істеген ісіме өкінемін. Жәбірленушіден кешірім сұраймын, -деді сотта Серік Аймағамбетов.
    Ал жәбірленуші сотта оған кешірім беріп, ешқандай шағым қоймайтынын айтты. Әрі сотталушы оған келген моральдық және материалдық шығынның орнын толықтай өтеген. Жәбірленуші Алтынбек Қисымбетовтің сөзінше, кондуктор да соққыға жығылыпты.
    -Оқиға болатын күні соңғы айналымнан келе жатқан едік. 12 мөлтек ауданның маңында автобус салонында айқай шықты. Ол кондукторды ұрды. Кейін мені пышақтап, қашып кетті. Жолаушылар жедел жәрдем қызметін шақырды. Мені теміржол ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер медициналық қызмет көрсеткеннен кейін үйге жіберді. Оған қоятын ешқандай талап-арызым жоқ. Кешірім беремін, -деді жүргізуші.
    Ал кондуктордың айтуынша, сотталушының қасында тағы бір адам болған.Екеуі де ішімдік ішіп алған көрінеді. Жолаушылар “Сазды” аялдамасының тұсында оларды қалта ұрылары ретінде танып, автобустан шығуын талап еткен көрінеді. Осыдан кейін олардың бірі ашуланып, кондукторды бетінен ұрып жіберген. Сол кезде оған көмектеспек болған жүргізушіге сотталушы пышақ сұғып алған.
    Сот жарыссөзі кезінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Алайда Серік Аймағамбетовтің адвокаты мұнымен келіспеді.
    -Сотталушы жасаған ісіне шын көңілмен өкінеді. Ол өз қылмысын мойындап, тергеуге көмектесті. Кәмелетке толмаған 4 баласы бар. Әйелі жұмыс істемейді, отбасының жалғыз асыраушысы. Әрі балаларының бірі бронх демікпесімен ауырады. Мемлекеттік айыптаушы оған 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын сұрап отыр. Бұл негізсіз. Оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауыңызды сұраймын,-деді Бисен Әлібаев.
    14 маусым күні №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы С. Тасымбетов Серік Аймағамбетовті бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.
    -Сот Серік Аймағамбетовті кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. Ол жаза мерзімін қауіптілігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтесін. Сондай-ақ оған нашақорлықтан мәжбүрлі түрде медициналық емдеу шарасы тағайындалсын,-деді судья
    С. Тасымбетов.
    Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін де бірнеше рет істі болған.Оның ішінде “ұрлық” бабы да бар. Ол соңғы соттылығы әлі өтелмегеніне қарамастан, қайта қылмыс жасаған.Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде әріптесін атып өлтірген банк қызметкері сотталды
  • Ақтөбелік тұрғын әйел зорламақ болғаны үшін сотталды
  • Қыз алып қашқан ақтөбеліктер сот залында қамауға алынды
  • Прокурор қыз ұрлағандарды 6 жылға абақтыға қамауды сұрады
  • Жол апатына кінәлі жігіт жазаланды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге